Ұлыбританияда алғаш рет азиялық азамат премьер-министр болды.
Ұлыбританияның жаңа премьер-министрі болып ұлты үнді Риши Сунак сайланды. Үкімет басшысын жаңа қызметімен АҚШ Президенті Джо Байден құттықтады.
Үкімет басшысын арнайы Карл ІІІ тағайындады. Ол билікке осы қызметте 45 күн болған Лиз Трастан кейін келді. Жаңа басшы Ұлыбританиядағы Букингем сарайына барып, королдің қабылдауында болды. Ең алғашқы баяндамасында Риши Сунак Ұлыбританияның ауыр дағдарысты бастан кешіп отырғанын жеткізді, деп хабарлады RT.
Риши Сунак 42 жаста. Ол Үндістаннан шыққан бірінші британдық көшбасшы және бұрынғы британдық колониядан министрлер кабинетін басқарған алғашқы өкілі. Оның ата-анасы Шығыс Африкадан Англияға көшіп келген дәрігерлер.
Еске сала кетейік, 20 қазанда Ұлыбритания премьер-министрі Лиз Трасс отставкаға кетті.