Қоғам

Ұлыма жаным ашиды, бірақ оны ақтамаймын — Бишімбаевтің әкесі

Салтанат Нүкенованы өлтірді деген күдікпен ұсталған Қуандық Бишімбаевтың әкесі Уәлихан Бишімбаев тергеу құпиялығын алға тартып, ұлына қатысты іске манипуляция жасап жатқандардың барын айтты. Ол жәбірленушінің туыстары қоғамның назарын пайдалану арқылы тиісті тергеу сараптамаларынсыз ұлының ісін ауыр бапқа ауыстырып жібергенін айтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ертісбаев Live Youtube арнасында жарияланған видеосында Уәлихан Бишімбаев сөзін қаза тапқан Салтанат Нүкенованың туыстарына көңіл айтудан бастаған. Ол осы оқиға болған күннен – 9 қарашадан бастап БАҚ беттеріне шыққан әрбір жаңалықты оқып, саралағанын айтады. Бишімбаев Конституцияға сәйкес әрбір адамның сөз еркіндігіне құқығы бар екенін айта келіп, қоғамда тергеу құпиялығы бар екенін ескертеді.

Ол осы уақытқа дейін тергеу құпияларын жария етуге болмайтынын жәбірленуші тараппен қоса айыпталушы тарапты да ескертпегенін баса айтады.

Бишімбаев жәбірленушінің ағасы – Қайрат Нүкеновтің түрлі БАҚ өкілдері мен блогерлерге сұхбат беру арқылы тергеу жұмыстарына қысым көрсетіп жатқанын атап өткен.

Біз қоғамның назарын пайдалану арқылы ұлыма қатысты істі тиісті тергеу сараптамаларынсыз ауыр бапқа ауыстырып жіберді деп есептейміз. Мысалы, КТК арнасына сұхбат берген Қайрат Нүкенов туыстарымен бірге тергеу ісін қадағалайтынын әрі Бишімбаевтардың ІІМ, прокуратурада таныстары бар екенін ашық айтады. Осылайша ол тікелей эфирде тергеу сараптамасына қысым көрсететінін хабарлап тұр. Оның сөзін басқаша қабылдау мүмкін емес,

дейді айыпталушының әкесі.

Бишімбаев әкесі ретінде ұлы үшін уайымдайтынын, алайда оның ісін ақтамайтынын, сондай-ақ ақтап алу үшін “үлкен кабинеттердің” есігін қақпағанына сендіреді. Ол сонымен қоса Гиперборей арнасына айрықша тоқталған. Бұған дейін Бишімбаев Борейконың «Қуандық Бишімбаев ақыл-есі дұрыс емес деп танылып, жауапкершіліктен құтылуы мүмкін» деген сөзін «оның ұлын, бүкіл отбасын көпшілік алдында қорлау» деп есептеп, үстінен арыз жазғаны белгілі болған.

Бишімбаев ұлының Салтанат Нүкенованы өлтіргісі келмегенін алға тартады.

Олар отбасын құрып, ары қарай өмір сүргісі келді. Пәтерінде құрылыс жүргізіп, киім бөлмесін Салтанат үшін үлкейтуді қалады. Сол қорқынышты – 9 қараша күні не болғанын біз де білмейміз. Бірақ біз ұлымыздың өлтіру туралы пиғылы болмағанына сенеміз,

деп қосты Бишімбаев.

Уәлихан Бишімбаев сөзінің соңында БАҚ өкілдерін шындыққа жанасатын ақпаратты ғана жариялауды сұрады. Сонымен қоса тиісті органдарды ашық әрі әділетті тергеу жүргізуге шақырды.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago