Жатақхана таппай жүр, талай қазақ баласы

Қазақтандағы 114 жоғарғы оқу орындарының тек 28-і ғана өз студенттерін жатын орынмен қамти алады. Демек, 90 мыңға жуық студент жатақханаға орналаса алмай, далада қалуы мүмкін.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәселенің шешімін тапқан сияқты. Ол хостелдер мен қонақ үйлердің бағасын түсіріп, студенттерді сол жерге орналастыруды ұсынып отыр, деп хабарлайды Информбюро жаңалықтар қызметі.

Сондай-ақ министр өңірлік  кәсіпкерлерді жатақхана құрылысына ақшаны аямай құюға шақырып отыр.

Жатақхананың тапшылығы Алматы мен Нұр-Сұлтанда ерекше байқалды. Саясат Нұрбектің келтірген дерегінше, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде – 4 500, Гумилев атындағы университетте 5000 төсек-орын жетпейді.

Студенттер хостелде тұруға қарсылық білдіріп отырған жоқ. Алайда бір бөлмеде 10 адамнан артық болмауын сұрап отыр.

Пәтер жалдау үшін көп ақша керек. Мен СДУ-да оқимын, ол жақта жатақханада орын жоқ. Ал хостелде 6-8 адам бірге тұрады, мұндай жағдайда қалай оқуға болады,

дейді студент Абат Қасымов.

Оқу басталар уақытта жалдау бағасының өсуі қалыпты жағдай. Әсіресе, білім ордасына жақын орналасқан пәтерлердің бағасы екі есе шарықтайды.

Сондықтан министр үкіметтен білім алушылар үшін қонақ үйлер мен хостелдерде тұру бағасын реттеуді сұрады. Сондай-ақ әуе, теміржол билеттерін қымбаттатпауды қадағалау керектігін айтты.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Автобус жүргізушісін ұрғаны 3 адамның өліміне әкелген жігіт сотталды

Дархан Ахметжанов 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Дархан Ахметжанов қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігі және 351-бабының…

18 часов ago

«Қуандық қажы екен». Бишімбаев бес рет қажылыққа барған

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман әлеуметтік желіде көпшіліктің көкейінде жүрген маңызды сұрақтарға жауап…

20 часов ago

«Имам садақаға түскен ақшаға Lexus алған» дейді

ҚМДБ мәлімдеме жасады. Әлеуметтік желі қолданушысы Оразбек Садықов тараздық имамның садақаға түскен қаражатқа қымбат көлік сатып алғанын…

20 часов ago

Алматыдағы автобус апаты: Сотталушы соңғы сөзін айтты

Алматыда үш адамның өмірін қиған автобус апатына қатысты қылмыстық іс бойынша сот жарыссөзінде Д.Ахмеджанов соңғы…

20 часов ago

Алматы әуежайында Air Astana ұшқышы есірткімен ұсталды

23 сәуір күні Алматы халықаралық әуежайында полиция қызметкерлері Air Astana әуе компаниясының екінші ұшқышы Қазыбек…

2 дня ago

Түркістанда 90 млн теңге қарызы бар қазақ жүр

Ол аздай, оны полиция ұстап алды. Көшелерді патрульдеу кезінде Түркістан қаласының патрульдік полиция қызметкерлері “Қорғау”…

2 дня ago