Categories: Саясат

Ұлытау облысының әкімі СҚО, ШҚО, БҚО және Павлодар облыстарының атауын өзгертуді ұсынды

Ұлытау облысының әкімі Қазақстанның бірден бірнеше өңірінің атын өзгертуді ұсынды, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Осындай күтпеген ұсыныспен Берік Әбдіғалиұлы ғылыми-практикалық конференцияда сөз сөйледі. Ол Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа облыстар құру туралы шешімін дұрыс деп санайтынын мәлімдеді. Қазақтың қасиетті жерлері мен ұлы тұлғаның құрметіне олардың атауы да солай өзгеруі тиіс. Сондықтан Ұлытау басшысы бұл үрдісті жалғастыруға шақырды және Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарының атауларын ауыстыруды ұсынды.

Мен оларды мың жылдық тарихы бар қасиетті жерлердің атауларымен алмастыру керек деп санаймын. Мысалы, Батыс Қазақстан облысын Ақжайық, Шығыс Қазақстан облысын Алтай, Солтүстік Қазақстан облысын Қызылжар, Павлодар облысын Баянауыл облысы деп қайта атайтын болсақ, бұл еліміздің барлық тұрғындарын шабыттандыратыны сөзсіз,

деді Берік Әбдіғалиұлы.
Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago