Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Оқиға > Ұлытауда ер адам өзіне тұрмысқа шыққысы келмеген бойжеткенді көлікпен қуып жүріп өлтірген
Оқиға

Ұлытауда ер адам өзіне тұрмысқа шыққысы келмеген бойжеткенді көлікпен қуып жүріп өлтірген

Сая Манарбековна
Сая Манарбековна 07.09.2023
Обновлено 07.09.2023 в 03:09
Поделиться
Фото: pixabay.com
Поделиться

Ұлытау облысына қарасты Қаражал тұрғыны 28 жастағы қызды өлтірді деген күдікке ілінді. Марқұмның туыстары күйеу жігіттің қалыңдығын көлікпен қуалап, соңында жолдан әдейі ығыстырып аударып жібергенін айтады. Көлікте отырған бойжеткен оқиға орнында қаза тапқан, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

«Патриот» Telegram-арнасының хабарлауынша, жол апаты Қаражал – Қарағанды ​​тасжолында болған. Марқұм Арайлымның туыстары күйеу жігіт оны жиі ұрып-соғып, қорлық көрсетіп келгенін айтады. 

Неке қиылғанға дейін олар Қаражалда бірге тұрған. Қайғылы оқиғадан сәл бұрын қыз ата-анасына телефон соғып, өзін алып кетуді өтінген. Алайда үйіне кетіп бара жатқанда, Қарағандыға қарай шыға берістегі жолда ішімдікке сылқия тойып алған күйеу жігіт оларды тоқтатып, көліктің терезелерін темір таяқпен сындыра бастаған.

Осыдан кейін көлік рөлінде отырған жас жігіт, яғни қалыңдықтың ағасының досы полицияға хабарласу үшін Қаражалға қайта бет алады. Алайда мас күйеу жігіт олардың соңынан қуады.

Ол бірнеше рет көліктің артқы бамперінен және сол жақ қанатынан соққылаған. Оның мақсаты көлікті жол жиегіне қарай аударып жіберу болған. Көлігінің рөлін жол жиегіне қарай қасақана бұрып, алдындағы көлікті жол шетіне ығыстырған,

дейді қыздың туыстары.

Соның салдарынан көлік аударылып кеткен. Бойжеткен оқиға орнында қайтыс болса, анасы мен ағасы екі досымен бірге жарақат алып ауруханаға жеткізілген.

Бұл оқиғаға қатысты Ұлытау облыстық полиция департаментінің бастығы Қайыркен Әлиев пікір білдіріп, марқұм қыздың күйеу жігіті болған ер адам 6 қыркүйекте уақытша ұстау изоляторына қамалғанын айтты.

Көліктің қандай себеппен жолдан шығып кеткенін анық білу үшін лак-бояу сараптамасының қорытындысын күттік. Қазір тергеушінің қолында күдікті көлігінің жәбірленушілер көлігінің бамперіне және сол жақ қанатына механикалық соққы жасағаны туралы сарапшылардың қорытындысы бар. Ол қамау изоляторында отыр. Тергеуші сондай-ақ Қылмыстық кодекстің 345-бабының «Жол қозғалысы ережелерін бұзу» санатын 99-бап «Ксі өлтіруге» және 24-99-баптары бойынша үш жәбірленушіні «өлтіруге оқталу» деп өзгертті. Бұл істің тергеу барысын жеке бақылауыма аламын,

деді Қайыркен Әлиев.
ТЕГи: Әлеуметтік желі, Қазақстан
Сая Манарбековна 07.09.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
Спорт

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

18.11.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?