Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Руханият > Білім > Мұғалімдер митингке шығып, Тоқаевқа үндеу жолдады
Басты жаңалықтарБілім

Мұғалімдер митингке шығып, Тоқаевқа үндеу жолдады

Анара Бауыржанқызы
Анара Бауыржанқызы 19.08.2022
Обновлено 19.08.2022 в 11:08
Поделиться
Поделиться

Елордада дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері митингке шығып, наразылық білдірді деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Олар жаңа оқу жылынан бастап қысқартуға ұшыраймыз ба деп үрейленіп отыр. Ал қарсылыққа себеп болған Оқу-ағарту министрлігінің жаңа бұйрығы. Онда жаңа оқу жылынан бастап дене шынықтыру сабағында ұлдар мен қыздар қосып оқытылады деп жазылған. Сәйкесінше сағат қысқарса, аталмыш пәннің ұстаздарына сұраныс төмендеуі мүмкін.

Ұстаздардың айтуынша, қазіргі дене шынықтыру сабағы доп лақтырып, жүгіру ғана емес. Баланың бәріне бірдей ие болу оңай жұмыс емес.

Ұлдар мен қыздарға, 40 балаға жалғыз мұғалім сабақ беруге тура келеді. Бұның ең сорақысы, спорт ойындары басталған кезде жалғыз мұғалім 40 балаға қалай ие болады? Біріншіден, қауіпсіздік ережесі ақсайды, ертең жарақат көп болады,

дейді Дәулетбек Салихан.

Әрі оларға берілетін тапсырмалар да, алынатын нормативтер де әртүрлі. Түптеп келгенде ес білген ұл мен қызды қатар жүгірту де ыңғайсыз деп отыр мұғалімдер.

Ұл-қыздардың дене шынықтыру сабағында физиологиялық деңгейі әртүрлі. Берілетін жүктеме де әртүрлі. Қыз балалар көбіне  гимнастика сабағында ұялады, мысалы, бірге өткізу ыңғайсыз,

дейді Айдар Таңатқанұлы.

Бірақ дене шынықтыру пәні мұғалімдеріне бас көтеруге себеп болған басты мәселе – жұмыс жайы. Өйткені министрліктің бір сыныпқа – бір мұғалім деген шешімінен кейін дене шынықтыру пәні ұстаздарына деген сұраныс күрт төмендейтіні анық. Сағат қысқарған соң далада қаламыз ба деп қорқады. «Ұзақ жыл бойы тек осы саланың нанын жеп келген бізді кім керек қылады» дейді наразы мұғалімдер. Тіпті қазірдің өзінде мектеп басшылары «Бұйрық жоғарыдан келді, біз ештеңе шешпейміз»  деп кесіп айтыпты.

Ипотекамен үй алған, несиелері бар. 1012 мұғалім ер адамдар, отбасын асыраушы, олардың бәрі жұмыссыз қалайын деп тұр. Бұл ешқандай ойластырылмаған. Мұғалімдер министрлікке арызын айта барғанда, ұл мен қызды бөліп оқыту жүйесі тиімсіз екенін дәлелдедік деп қысқа қайырыпты. Қазір елде 30 мыңға жуық дене шынықтыру пәнінің мұғалімі бар. Олардың қатары жыл сайын толығып жатыр,

дейді Айдар Таңатқанұлы.

Грантқа бітірген студенттер қазір мектепте сағат болмаса, ол жұмысқа кіре алмайды. Кіре алмаған соң үш жылда жұмыс таппаса, өз қалтасынан ақшасын төлеуге тиіс. Соңғы жылдары дене шынықтыру пәнінен жас мамандар келеді, мысалы біздің екі мектепке үш жас маман келді,

дейді Аманбай Қозғанбаев.

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов бірінші кезекте қалтаның емес, баланың жайын ойлауымыз керек дейді.

«Ұстаздардың бұлай шамдануы – жүктемесі көп болған сайын жалақысы жоғары болып үйренгендіктен болып отыр»

Еліміздің біраз мектебінде бір уақытта спорт залда бірнеше сыныпқа дене шынықтыру сабағы қатар болады. Егер әр сыныпты екіге бөліп, бір-бір мұғалімнен беретін болсақ, бір сәтте 6 мұғалімге дейін жүруі керек болады. Ұстаздар қауымына қате ақпарат жетіп жатыр деп ойлаймын. Мен министр ретінде айтайын, дене шынықтыру пәнінің сағаты қысқармайды. Яғни, әр сыныпқа аптасына үш сағаттан болып қала береді. Жыл сайынғы дәстүрге сәйкес, елімізде 500 мың сағат дене шынықтыру пәніне бөлінеді,

дейді Асхат Аймағамбетов.

Бірақ министрдің бұл сөзі мұғалімдердің толқыған көңілін баспай тұр. «Дене шынықтыру пәніне енгізілген жаңашылдықтан кейін жұмыстан қағылсақ, ұл-қызымызды кім асырайды» дейді олар. Сондықтан енді бұл мәселеге ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев назар аударса дейді.

Анара Бауыржанқызы 19.08.2022
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

РуханиятБілім

Қазақстан совет мультфильмдерін қазақшаламақ

06.06.2024
Басты жаңалықтар

Тимур Бекмамбетов Өзбекстанда анимациялық мектептер ашып жатыр

21.05.2024
ҚоғамБілімРуханият

Түймебаев енді ректор боп ұзақ отыра алмайды

06.03.2024
БілімРуханият

Наурызда өтетін ҰБТ басталды

04.03.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?