Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Оқиға > Мұғалімдер оқушы қызды өгей әкесі зорлады деп жедел жәрдем шақыртқан
Оқиға

Мұғалімдер оқушы қызды өгей әкесі зорлады деп жедел жәрдем шақыртқан

Анара Бауыржанқызы
Анара Бауыржанқызы 04.10.2023
Обновлено 04.10.2023 в 10:10
Поделиться
Поделиться

Алматы тұрғыны жекеменшік мектептің қызметкерлері қызыма психологиялық қысым көрсетті деп шағымданды. Көпбалалы ананың айтуынша, білім ордасының мұғалімдері мен психологы бірінші сыныпта оқитын қызды өгей әкесі зорлады деп топшылап, жедел жәрдем шақыртқан. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Ал аурухана гинекологы қызды ата-ананың қатысуынсыз қарап, жатырына зақым келді деген диагноз қойыпты. Бірақ полиция тағайындаған екі бірдей сот-медициналық сараптаманың қорытындысы мұны жоққа шығарған.

Ұстаздар мен дәрігерлердің біліксіздігінің кесірінен қызым шошып, отбасым ойран болды,

дейді әйел.  

Бет-жүзін жасырып, есімін атамауды өтінген Алматы тұрғыны жекеменшік мектептің қызметкерлерінің кесірінен жеті жасар қызым психологиялық ауыр соққы алды деп отыр. Өткен аптада келіншектің бірінші сыныпта оқитын қызы сабақ кезінде қайта-қайта дәретханаға жүгіріпті. Бұдан сезіктенген мұғалімдер оқушыны сұрақтың астына алған. Сосын қызға өгей әкесі зорлық көрсетуі мүмкін деп топшылап, мені күтпей, жәдел жәрдем көлігіне салып жіберді дейді әйел.

Мектептің психолог апайы, дәрігері мен директор орынбасары. «Не істедің, кімнің қасына жаттың, ұйқың қалай» деп, жан-жақтан сұраған. Осы кісілер асығыс диагноз қойып, зорлау мүмкіндігі болды деп өздері шешім қабылдап, жедел жәрдем мамандарына айтып берген. Сөйтіп ауруханаға жеткізіп, менің рұқсатымсыз баланы шырқыратып, астын ашып көріп, баламның құрсағы жарақат алды деп жазып берген,

дейді әйел.

Көпбалалы ана жайсыз хабарды тек ауруханаға жеткенде бір-ақ білдім дейді. Іске полиция араласып, бөлімшеге қыздың өгей әкесі де шақыртылған. Сосын екі бірдей медициналық сараптама жасалыпты. Оның қорытындысы бойынша жеткіншектің бар болғаны қуығына суық тиген екен. Қазір шошып қалған қаршадай қыз емделіп жатыр. Ал «баламды тергеп, айрандай ұйыған отбасымды ойран еткен мектептің қызметкерлері жазасыз қалмау керек» деген келіншек оқиғаның күйеуі екеуінің намасына тигенін осы іске қатысы бар адамдарды жұмыстан шығаруын талап етеді.

Заңгер Нұржан Құралбаев кінәлілер жауапқа тартылсын деген талаппен прокуратураға, оқу-ағарту министрлігі мен әкімдікке шағым түсіріп үлгерген. Оның айтуынша, ата-ананың қатысуынсыз кәмелетке толмаған баладан жауап алуға және жыныстық мүшесін тексеруге ешкімнің құқығы жоқ.

Бұл жағдайға жекеменшік мектеп қызметкерлерінің біліксіздігі себеп. №1 балалар ауруханасының дәрігерлеріне де сұрақ көп. Олар қыздың атаанасына ескертпей, өз бетінше тексеріс жүргізіп, жатыры зақымданған деген диагноз қойды. Екі бірдей сот-медициналық сараптама мұны жоққа шығарды. Мұндай қателік бүтін бір отбасыға кері әсерін тигізді. Мектеп болсын, ауруханаға болсын, мұндай келеңсіз жайтқа жол бермеуге тиіс,

деді заңгер Нұржан Құралбаев.

Ал дауға себеп болған Tamos Education атты жекеменшік мектептің басшылығы сұхбат беруге құлықсыз. Түсірілім тобымыздың алдынан шыққан күзетшілердің де жауабы қысқа болды. Оқу-ағарту министрлігі бұл мәселеден хабардар. Жауапты ведомствоның өкілдері жекеменшік мектепте тексеріс жүргізіледі деп сендірді.

Анара Бауыржанқызы 04.10.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

Оқиға

Колонияға дронмен сәлемдеме тастады

21.06.2024
ОқиғаЖемқорлықСпорт

Алматы Спорт басқармасында ақша жымқырылғаны ашылды

06.06.2024
ҚоғамОқиға

Тәжікстанда екі отбасының бірнеше мүшесін бір түнде өлтіріп кетті

04.06.2024
Оқиға

Семей маңында жоғалып кеткен әйелдің денесі табылды

03.06.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?