Бейнесюжеттен скриншот
Астанада «Нұрлы жер» бағдарламасымен үй алған мәдениет қызметкерлері үйдің сапасына наразы. Тұрғанына бір жылдан енді асқан баспананың жағдайы нашар.
КТК арнасының хабарлауынша, Астанадағы 2021 жылы тапсырылуы тиіс баспана осыдан бір жарым жыл бұрын үй кезегіндегілерге қолданысқа берілген. Сегіз жыл құрылысы тоқтап тұрған үйді әкімдік Қазақстан тұрғын үй компаниясына өткізіпті.
20 күннен кейін үйдің сапасы нашар екені байқалған. Тұрғындар үйдің іші салқын екенін айтады.
Пәтерді алуын алдық. Бірақ қыста өте суық болды. Киіммен ұйықтадық, балаларымыз үйде бас киіммен жүрді. Барлық жерден жел гуілдеп тұр. Еден салқын. Қазірдің өзінде үй азынап тұр. Ертең қыста не болары белгісіз,
деді тұрғын Гүлнар Жүсіпова.
Тұрғындардың шағымынан кейін мердігер компания тұрған үйдің қуыстарын бітеп шығуға әрекет жасайды. Одан соң 70 үйге жылытатын құрылғы таратып берген. Күн жылыған соң бәрін кері қайтарып алыпты.
Жылыту маусымының басталуына әлі бір айдан астам уақыт бар. Бірақ қазірдің өзінде салқын болып, тұрғындар әр бөлмеге үш-төрттен кілем қабаттап төсеп жүрміз дейді.
Бұл үй сегіз жыл бойы халыққа берілмей, тұрып қалған. Одан кейін цемент кірпіштің арасы кеуіп кеткеннен кейін сырты кірпіш, іші силикат, ортасы бос қуыс. Сол бос қуыспен бізге тапсырып отыр. Сол бос қуыстың кесірінен үй салқындап кетті. Пеназолды қыстың ортасында құяды. Алайда қыста құюға болмайды. Онда да әкімдікке қайта-қайта барып, жұмысын аяқтамай, біз үсіп, өлуге қалғанннан кейін ғана құяды,
деді Гүлшат Жолдыбайқызы.
Тұрғындар «Бәйтерек» холдингіне қарасты Қазақстан тұрғын үй компаниясының ғимаратына келіп шу шығарды. Алайда екі сағатқа созылған жиында мардымды ештеңе шешілмеген.
Сонда біз оларға доппыз ба? Қазір жылыту маусымы емес. Десе де алда келе жатыр. Былтыр қыс бойы жылыту құралдарымен күн көріп шықтық. Қазіргі жиналыста да Алтай Шоқанұлы «Онымен отырсаң, қаншалықты зияны бар, отыр үйде, тұрмайтын болсаң, қазір келісімді бұзайық, қайда барсаң, онда бар» дейді. Бұл шешім бе?,
деді астаналық Әсем Чапайқызы.
Мәдениет қызметкерлері 10-15 жылдан бері күткен баспаналары бір күні опырылып түсе ме деп қауіптенеді. Себебі сыртқы қабырғаларына сызат түскен. Ал тұрғындардың арасында үйдің ипотекасын 20 жыл төлейтіндер бар.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…