Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
Қазақ зергерінің әшекейін Иордания патшасының әйелі тағып жүр
24.09.2023
Түркістандық шаруалар банан мен папайя өсіреді
24.09.2023
Оңтүстік Кореяда мұғалімдерді ата-аналардың қорлауынан қорғайтын заң қабылданды
22.09.2023
Ақтау әкімінің орынбасарына 483 мың теңге көлемінде айыппұл салынды
22.09.2023
Ер адам бұрынғы әйелінің құлағы мен мұрнын кесіп тастаған
22.09.2023
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Қоғам > Мәдениет қызметкерлері мемлекеттен алған баспананы жылыта алмай әлек
Қоғам

Мәдениет қызметкерлері мемлекеттен алған баспананы жылыта алмай әлек

Анара Бауыржанқызы
Анара Бауыржанқызы 12.09.2023
Обновлено 12.09.2023 в 10:09
Поделиться
Бейнесюжеттен скриншот
Поделиться

Астанада «Нұрлы жер» бағдарламасымен үй алған мәдениет қызметкерлері үйдің сапасына наразы. Тұрғанына бір жылдан енді асқан баспананың жағдайы нашар. 

КТК арнасының хабарлауынша, Астанадағы 2021 жылы тапсырылуы тиіс баспана осыдан бір жарым жыл бұрын үй кезегіндегілерге қолданысқа берілген. Сегіз жыл құрылысы тоқтап тұрған үйді әкімдік Қазақстан тұрғын үй компаниясына өткізіпті.

20 күннен кейін үйдің сапасы нашар екені байқалған. Тұрғындар үйдің іші салқын екенін айтады.

Пәтерді алуын алдық. Бірақ қыста өте суық болды. Киіммен ұйықтадық, балаларымыз үйде бас киіммен жүрді. Барлық жерден жел гуілдеп тұр. Еден салқын. Қазірдің өзінде үй азынап тұр. Ертең қыста не болары белгісіз,

деді тұрғын Гүлнар Жүсіпова.

Тұрғындардың шағымынан кейін мердігер компания тұрған үйдің қуыстарын бітеп шығуға әрекет жасайды. Одан соң 70 үйге жылытатын құрылғы таратып берген. Күн жылыған соң бәрін кері қайтарып алыпты.

Жылыту маусымының басталуына әлі бір айдан астам уақыт бар. Бірақ қазірдің өзінде салқын болып, тұрғындар әр бөлмеге үш-төрттен кілем қабаттап төсеп жүрміз дейді.

Бұл үй сегіз жыл бойы халыққа берілмей, тұрып қалған. Одан кейін цемент кірпіштің арасы кеуіп кеткеннен кейін сырты кірпіш, іші силикат, ортасы бос қуыс. Сол бос қуыспен бізге тапсырып отыр. Сол бос қуыстың кесірінен үй салқындап кетті. Пеназолды қыстың ортасында құяды. Алайда қыста құюға болмайды. Онда да әкімдікке қайта-қайта барып, жұмысын аяқтамай, біз үсіп, өлуге қалғанннан кейін ғана құяды,

деді Гүлшат Жолдыбайқызы.

Тұрғындар «Бәйтерек» холдингіне қарасты Қазақстан тұрғын үй компаниясының ғимаратына келіп шу шығарды. Алайда екі сағатқа созылған жиында мардымды ештеңе шешілмеген.

Сонда біз оларға доппыз ба? Қазір жылыту маусымы емес. Десе де алда келе жатыр. Былтыр қыс бойы жылыту құралдарымен күн көріп шықтық. Қазіргі жиналыста да Алтай Шоқанұлы «Онымен отырсаң, қаншалықты зияны бар, отыр үйде, тұрмайтын болсаң, қазір келісімді бұзайық, қайда барсаң, онда бар» дейді. Бұл шешім бе?,

деді астаналық Әсем Чапайқызы.

Мәдениет қызметкерлері 10-15 жылдан бері күткен баспаналары бір күні опырылып түсе ме деп қауіптенеді. Себебі сыртқы қабырғаларына сызат түскен. Ал тұрғындардың арасында үйдің ипотекасын 20 жыл төлейтіндер бар.

Анара Бауыржанқызы 12.09.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • Қазақ зергерінің әшекейін Иордания патшасының әйелі тағып жүр
  • Түркістандық шаруалар банан мен папайя өсіреді
  • Оңтүстік Кореяда мұғалімдерді ата-аналардың қорлауынан қорғайтын заң қабылданды
  • Ақтау әкімінің орынбасарына 483 мың теңге көлемінде айыппұл салынды
  • Ер адам бұрынғы әйелінің құлағы мен мұрнын кесіп тастаған

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

Қоғам

Түркістандық шаруалар банан мен папайя өсіреді

24.09.2023
Қоғам

Аналар мерекесі аталып өтті

22.09.2023
Қоғам

Қазақстандықтар Балиге тікелей рейспен ұша алады

21.09.2023
Қоғам

Маңғыстауда 73 жастағы әже әлі күнге дейін зейнетақы ала алмай отыр

20.09.2023

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?