Үш адамды құтқарып ерлікпен қаза тапқан өрт сөндіруші Асқар Забикулиннің есімі Астанадағы Есіл ауданының бір көшесіне беріледі. Оған қоса астанадағы Пушкин көшесінде орналасқан «Құтқарушылар саябағындағы» ақпараттық тақтаға естілік суреті қойылады. Бұл туралы 1 желтоқсанда Астана ономастикалық комиссиясының отырысында хабарланды.
Сонымен қатар марқұмның есімін өзі қызмет еткен №6 Мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне беру, мекеме алдына бюст орнату ұсынылды.
Еске салайық, Асқар Забикулин дәл осы Есіл ауданында (Үркер ТМ) орналасқан Е-583 көшесінде үш адамды құтқарды. Өрт кезінде өзін күйік шалып, салдарынан ауруханада қайтыс болды.
Мемлекет өрт сөндірушінің отбасына үш бөлмелі пәтер берді. Қазіргі уақытта пәтерді жиһазбен толтыру жұмысы жүріп жатыр. Оған қоса елдегі бірнеше университет болашақта марқұмның балаларына оқытуға мүмкіндік беретінін айтып отыр.