1 қаңтардан бастап айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 3 450 теңге. Ал 40 567 теңге ең төменгі күнкөріс шегі деп бекітілді. Сондай-ақ, ең төменгі жалақы 60 000-нан 70 000 теңгеге артты.
Мүгедектік бойынша жәрдемақы:
1-топтағылар үшін – 77 889 теңге (1,92 күнкөріс деңгейі);
2-топтағылар үшін – 62 067 теңге (1,53 күнкөріс деңгейі);
3-топтағылар үшін – 42 190 теңге (1,04 күнкөріс деңгейі).
7 жастан 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға:
1 топ — 77 889 теңге;
2 топ — 64 502 теңге;
3 топ — 48 681 теңге.
7 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға — 55 794 теңге.