Мәншүк Мәметова бейнеленген монеталар айналымға шығады

Кеңес Одағының батыры Мәншүк Мәметованың туғанына 100 жыл толуына орай, Қазақстан ұлттық банкі MÁNSHÚK MÁMETOVA жаңа монеталар коллекциясын айналымға шығарады.

Монетаның бет жағындағы (аверсінің) орталық бөлігінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы, оның сол жағы мен оң жағында ұлттық ою-өрнек элементтері бейнеленген. Айналдыра QAZAQSTAN ULTTYQ BANKI • NATIONAL BANK OF KAZAKHSTAN деп жазылған. Төменгі бөлігінде монетаның номиналын білдіретін 100 TEŃGE жазуы бар.

Монетаның сырт жағындағы (реверсінің) орталық бөлігінде Мәншүктің мүсіндік портреті, оның сол жағында – КСРО Батырының алтын жұлдызы, сондай-ақ туған жылы мен мерейтойлық күнді білдіретін «1922» және «2022» деген жазулар бар. Оң жағында Мәншүк Мәметова ерлік жасап, қаза болған «НЕВЕЛЬ» қаласының картасы мен жазуының стильдендірілген бейнесі берілген. Монетаның жоғарғы бөлігінде «Кеңес Одағының Батыры» деген жоғары мемлекеттік наградасына ұсыну анықтамасының айшықты мәтіні басылған.

Номиналы 100 теңгелік MÁNSHÚK MÁMETOVA. 100 JYL коллекциялық монеталары brilliant uncirculated сапасында мельхиор қоспасынан тұрады, массасы – 15 грамм, таралымы – 15 000 данада.

Коллекциялық монеталар белгіленген құны бойынша Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында барлық төлем түрі бойынша, сондай-ақ банк шоттарына есептеу үшін, Қазақстан Республикасының барлық банктерінде аудару, ұсақтау және айырбастау үшін қабылдануға міндетті.  

Коллекциялық монеталар Қазақстанның теңге сарайында жасалған.  

Монеталардың сатылымға түсетін күніне қатысты ақпарат ҚҰБ-тың ресми сайтында қосымша жарияланады.

Наргиза Аршидин

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

3 дня ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

4 дня ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

5 дней ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

5 дней ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

5 дней ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

7 дней ago