Categories: Қоғам

Ольга Шишигина төңірегіндегі дау: спортшы қазақтарды шеттетіп жүргені рас па?

Әлеуметтік желіде қоғам белсендісі Гүлбану Әбенова белгілі спортшы, Олимпиада чемпионы Ольга Шишигинаны шовинистік әрекеттер жасап жүр деп айыптады. Айтуынша, Ольга Шишигина биылғы сәуірден ҚР ҚМ спорт комитетінің – Армияның орталық спорт клубының төрағасы болып тағайындалғаннан бері «Этникалық өркөкіректік танытып, басшылыққа тек славян өкілдерінің тағайындап» жүр.

«Бұрынғы ұжым жақсы еді»

Әбеноваға мұндай мәлімдеме жасауына Армияның орталық спорт клубынан жұмыстан қуылған қызметкердің мәлімдемесі себеп болған. Фархад Тапалов есімді азамат ҚР Қорғаныс министрлігі орталық спорт клубының спорт комитетінде әскери қызметте істеген екен. Гүлбану Әбеноваға жолдаған хатында ол президент Тоқаев пен Бас прокуратураның назар аударуын сұрайды.

 «Шишигина Ольга басшылыққа келгелі ұжымның жағдайы нашарлады. Бұл менің бұрынғы офицерлерім мен сержанттарыма жағымсыз әсер етуде.

Ол келген соң, мен жұмыстан шықтым, дәлірек айтқанда шығарып жіберді. Ол кезде мен азаматтық қызметкер едім, барлық шақыру құжаттары дайын болғанына қарамастан, олар мені шақырудан бас тартты.

Ол тағайындалғаннан кейін ұжымда тек славян ұлтынан тұратын элита құрылды. Этникалық тәкаппарлық өсті.

Әскерилерді Жарғының не екенін білмейтін азаматтық қызметкерлер басқара бастады. Ұлттық әскери қызметшілерге, сарбаздар мен сержанттарға, офицерлерге, полковниктерге және подполковниктерге деген көзқарас өте күрт өзгерді.

Мен этносаралық қақтығыстарға қарсымын, бірақ спорт комитетінде болып жатқан оқиғалар этникалық тәртіпті бұзып жатыр. Бұл мені қатты алаңдатады», деп жазды Тапалов.

Сонымен қатар, Ольга Шишигина тағайындалған сәттен бастап өз жақтастарын қызметке тартып, Қарулы Күштерде тәжірибесі жоғына қарамастан Спорт комитетінің штаттық құрылымын әзірлейді, кадрлық, қаржылық, ақылы қызметтер, сатып алу, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, командирдің саяси-ағарту және тәрбие жұмысына араласатынын, барлық іссапарлар енді сонымен келісілетін болғанын жеткізген.

Сондай-ақ, Шишигина Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовпен жақсы қарым-қатынасын пайдаланып, әскери қызметшілерді штаттық іс-шара бойынша жұмыстан шығарып жіберетінін айтып, ашықтан-ашық қорқытып жүрген сыңайлы.

Қоғам белсендісі осы мәлімдеме бойынша, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінен өтініште көрсетілген фактілерді тексеру жөніндегі қоғамдық комиссия құруды сұрады.

«Жұмыстан шығарған мен емес»

Caravan.kz басылымы жағдайдың мән-жайын білу үшін Орталық спорт клубына барып, Ольга Шишигинадан сұхбат алыпты. Спортшының айтуынша, қазір орталықты прокурорлар тексеріп жатыр. Ал Фархат Талаповты жұмыстан шығарған шын мәнінде ол емес, бұрынғы басшысы — Айталап Қорғамбаев.

Бұрынғы сержант Фархат Тапалов Қорғаныс министріне ол жұмыс істеген кезде ұжымда жағымды атмосфера болды және ұжым тату болды деп шағымданды, ал мен келгенде ұжым оның ойынша ыдырай бастады. Мен қарсылық білдіре аламын. Ол ұжымдағы атмосфера жағымды болған жоқ. Керісінше, бұрынғы басшылық өз командасын жинаған, олар белгілі бір артықшылықтарға ие болған.

Олар өздеріне ұнамайтын адамдарды жұмыстан шығарып немесе басқа жаққа аударып жіберіп отырған. Бұған көптеген мысалдар бар,

дейді Шишигина.

Сондай-ақ, бұрынғы басшылық кезінде Қорғаныс министрінің атына жазылған өтініштерден де мұны бақылай алатынын жеткізді. Ал, сержант Тапаловтың өзі Шишигинамен емес, 2021 жылы Айталап Қорғамбаевтың 22 қаңтардағы № 13 бұйрығымен жұмыстан шығарылғанын айтты. Бұрынғы басшылық кезінде бас қаржы инспекциясы бірқатар елеулі және өрескел бұзушылықтарды анықтаған ұқсайды.

Ал өз қарамағына тек славян ұлты өкілдерін жинайды деген айыпқа Ольга Шишигина түбегейлі қарсы шықты. Айтуынша, орталық спорт клубына ұлтына қарамастан тек спорттық рейтингі бойынша алады. Бұл клубтың жарғысында да жазылған. Әрі бұрынғы ұжым кезінде де түрлі ұлт өкілдері қызмет еткен.

Шағымда аталған офицерлер: майор Алексей Тюрин, капитан Денис Перемитин, ефрейтор Анна Седельникова АОСК-да 2000 жылдардың басынан бері қызмет етіп келеді. Мұны растайтын мәліметтерді кез-келген ашық көздерден оңай табуға болады. Менің АОСК төрағасы лауазымына келуіммен тек славян ұлтының ғана емес, жалпы дипломы бар мамандар жұмысқа қабылданды. Бұрынғы басшылық жұмыстан шығарған кейбір жоғары деңгейлі мамандар мен әскери қызметкерлердің істері қайта қаралып, спорт клубына қайтарылды және клуб одан тек ұтты,

дейді Ольга Шишигина.

Ольга Шишигинамен әңгімеден кейін журналист Орталық армия клубының екі кезеңін салыстырып көрген. Сәуірден қарашаға дейінгі уақыт аралығында Айталап Қорғамбаевтың (2021 ж.) кезінде 103 жарыс өткізілді, онда АОСК спортшылары 108 алтын, 64 күміс, 55 қола медаль жеңіп алған.

СК-АОСК төрағасы лауазымына Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов запастағы подполковник Ольга Шишигинаны тағайындағаннан кейін АОСК-да жеңіп алынған медальдар 24,4 пайызға өскен. Атап айтқанда: алтын – 143, күміс – 85, қола-72.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

2 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

2 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

2 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

2 дня ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

2 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

3 дня ago