Өнерден кетіп, дінге бет бұрған Индира Расылхан қыздардың мәһрге көлік пен үй сұрауы қалыпты жағдай деп санайды.
Индира Расылхан әлеуметтік желідегі парақшасында бейнежазба жариялады, деп хабарлайды Smartnews.kz. Видеода ер жігіт бірнеше қызбен сөйлесіп көргенін және олардың мәһрге көлік, үй, гауһар тас сынды қымбат сыйлық сұрайтынын айтады. Сонда Индира:
Сонда мәһрді көп сұраған қыз кінәлі болып тұр ма?
Ол қызға Алла сенің мүмкіндігіңді білгендіктен және сол дүниені берейін деп тұрғандықтан сондай ой салып тұр. Мұны мүмкіндік ретінде қабылдау керек. Тек мерзімін ғана келісу керек.
“Бір жыл болса, бұйырса болады” деген сияқты. Сондықтан қорқудың, қыздарды кінәлаудың қажеті жоқ. Бұл Алладан келген мүмкіндік,
деп жауап берді.
Ол жігіттерге жауапкершілікті алудан қашпау керегін айтты.
Некелескен әйеліңіз мәһрге не нәрсе сұрағаны, ол Аллах тағаланың ауызына салып беріп отырған сөзі. Сондықтан жас жігіттер ескерту, ондайдан қашпаныздар.
Керісінше, сізге Аллах тағаланың оның берекесін 2-3 еселеп үйіп төгіп беретінін біліңіз,
деп жазды Индира Расылхан.
Пікір білірушілердің ойлары екі жаққа бөлінді:
- Мәһр де, сахарда сұрамай, байға тиіп алыппыз.
- Алған жарың шын пейілімен жақсы көріп, сыйлап, орталарында жақсы қарым-қатынас болса сол мәһрдің көкесі емес пе?
- Мәһр де болмаған-ау
- Мәһр сұрамай-ақ үйі жоқ жігіттің артынан кете беріппіз.