Алматылық азаматтың үйінен 24 келі марихуана тәркіленді

Алматылық ер адам үйдің ауласында 24 келі марихуана өсірген. Бұл туралы Polisia.kz. хабарлады.

Республикалық “Қарасора” іс-шарасы аясында Медеу ауданындағы үйлердің бірінде 57 жастағы Г.есімді азамат ұсталды.

30 жыл бұрын 135-бап бойынша сотталған едім. Қазір наша шегемін. Үйде өзім үшін өсірдім, шектім,

дейді Г. деген азамат.

Күдіктінің үйінен 24 келіге жуық марихуана есірткісі табылды.

Күдіктінің үйінен рұқсат етілген тінту кезінде жалпы салмағы 23 келіден асатын марихуана есірткісі табылып, тәркіленді. Үйдің іргесіндегі аумақтан да өзі өсірген 6 түп қарасора табылды,

дейді Экстремизмге қарсы күрес басқармасының бастығы Мәулен Қасымжан.

Бұл жағдай бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабы 1-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Тергеу ҚР ҚК-нің 300-бабы 1-тармғы (Құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсіру) бойынша қосымша қылмыстық іс қозғау туралы мәселені шешіп жатыр.

Таңшолпан Төлеген

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

1 день ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

1 день ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

1 день ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

1 день ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

1 день ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

2 дня ago