Categories: Тарих

Мәшһүр Жүсіптің болжауы. Шыны мен өтірігі

Ақын, шежіреші, фольклорист, философ, тарихшы, ғалым. Ол кісі 1858 жылы Баянауыл ауданының Қызылтау деген жерінде (Баянауылдың оңтүстік-шығыс жағында 70 шақырымдай қашықтықта орналасқан қазіргі Жүсіпбек Аймауытов  атындағы ауыл) туған.

Өзінің өліміне 10 жыл қалғанда 1921 жылы Мәшһүр Жүсіп бар туыс-тумасын жинап, бір жерді анықтап көрсетіп: «Менің мазарымды осы жерден қазыңдар. Мені жатқызып емес, отырғызып жерлеңдер. Әлсін-әлсін хабар алып тұрыңдар, менің денем 40 жыл бойы бұзылмай сақталады» деген екен.

Мұның себебін сұраған ауылдастарына:

Жетпіс үшке шыққанша балталасаң да өлмеймін. Жетпіс үшке шыққан соң сұрасаң да тұрмаймын. Мен өлген соң қатты әлсірейсіңдер. Ас беріп, жаназа намазымды оқытпақ түгілі, бақа-шаян теріп кетесіңдер,

деп 1931 жылғы ашаршылықты күні бұрын болжаған екен.

Расында сопы жан тапсырған соң әлсіреген туыстары әулиенің мәйітін дайын мазаратқа әрең апарып жерлейді.⠀

Содан соң әулие Мәшһүр Жүсіп сөзін былай деп жалғайды:

Жұт келеді. Қалың қазақ қырылады. Жұттан аман шыққан ел 70 жыл Құдайсыз қоғамда өмір сүреді. Одан кейін елді 30 жыл ұры-қарылар былықтырады. Осының бәрінен өткен соң ғана қазаққа қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман туады,

деп болжаған екен.⠀

Әулие Мәшһүр Жүсіптің 4 болжамы орындалып кетті.

Олар: өзінің өлімі, ашаршылық, 70 жыл атейстік компартия, 30 жыл ұры-қарының билеуі.⠀

Енді бесіншісі бейбіт, бейқам заман туады дегені. Ол орындалды ма? Билікке адал сүт емген, халқына қайырлы басшылар келеді деп болжағаны орындалды ма?

Мәшһүр Жүсіп 1931 жылы 27 қарашада қайтыс болған. Бейіті 2 бөлмелі үй түрінде салынған. Төргі үйінде шкаф тұрыпты, ондағы екі қатарда араб-парсы тілінде жазылған 60 кітап жиюлы тұрған. Шкафтың үстінен тірі күнінде қолданған ер-тоқым орын алыпты. Үйдің оңтүстік жақ қабырғасында қойдың 40 кәрі жілігі ілулі тұрыпты (діни жолмен қарағанда, 40 жілік күзетші болу керек). Осы төргі үйдің астын биіктігі 2 метр, ұзындығы да сондай өлшемде терең етіп қаздырған екен. Мәшһүр Жүсіптің денесі осы айтылған жерде жатыпты. Сақал-шашы сол қалпында, денесі сары екен. Тірі күнінде толық адам болған болу керек. Кейде сүйегі өте көтеріңкі, іші аздап қабысыпты. Сол жақ аяғы кішкене семіңкірейін депті, өйткені сол аяғының өкшесін (етін) бірдеңе жеген сияқты.

Ауыз үйде түрлі ыдыс-аяқтары тұрыпты: самауыр, шыны аяқ, тәрелке, ақ шәйнек, қасық, суқұйғыш, ет салатын ағаш табақ, тайқазан, оқтау, орамал, тұз, үгулі насыбай, балта, күрек, шымшуыр, шелек, сыпырғыш, пышақ, қайрақ, біз, дойбы, ара темір, кекпір. Осы заттардың барлығы биік үстелдің үстінде жиюлы тұрған. Келген-кеткен жолаушылар тамағын істеп ішіп, әлгі заттарды пайдаланып, қайтадан орнына жуып-тазалап қояды екен. Ауыз үйдің төр жақ қабырғасында ұзыны мен көлденеңі жарты метрдей жұқа тас ілулі тұрған. Бұл тас бейіт салатын жерді қазып жатқанда табылыпты. Сол тасқа Мәшһүр Жүсіптің өзі «Жетпіс үшке жеткенше балталаса да өлмеймін, жетпіс үштен әрі сүйресең де бармаймын» деген сөзді жазып, «мен өлгеннен кейін іліп қойыңдар» деп тапсырған.

Атамыздың кесенесі 1977 жылы жаңартылды. Ал 2006 жылдың күзінде қазіргі кесене ашылды.

Әулие бабамыздың денесі 21 жыл ашық жатқан

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы — әулие атанған қасиет иесі. Ол кісінің әулиелік қасиетіне қаншалықты мән берілді?

Мәшһүр Жүсіп үлкен баласы Шәрәпиденге: «Мен өлгеннен кейін қырық бір жылға дейін денем бұзылмайды. Тек жаздың ыстық айлары ақыретімді айырбастап отырыңдар, қыс керегі жоқ. Сонда көздерің жететін болады», – деп өсиет етеді.

Біреулер денесін шірітпейтін арнайы дәрілік шөптер ішкенін айтады. Ондай дәрі болса, басқа әулиелер немесе бақсылар, тіпті байлар неге қолданбады екен? Тіпті топырақтың құнарлығында алға тартатындар бар.

Мәшһүр Жүсіптің немересі Қуандық Пазылов былай дейді: «Бала кезден есімде (1947–1948 жылдар болуы керек), бейіт ауыз үйден және төр үйден тұратын. Төр үйінің есігі қылуеттің қақпағындай. Адамдар қақпақты көтеріп ашып, сатымен түсетін.

Екі қария дәретін алып түсіп, денесіне ақ жабады. Алдын-ала жағып, дайындап қойған шамды маған «алып бер»дейді. Апарып беремін. Бала болсам да құлағымда мына сөз қалып қойыпты. Уәли деген ауылдық кеңестің төрағасы бар еді, сол қарын тұсын саусағымен басып көріп, «былқылдап, жұмсақ жатыр», — деді, сосын тек бақайының тырнақтары түсіп қалғанын айтты.

Мәшһүр Жүсіптің немересі Сүйіндік Көпеев марқұм да өз естелігінде: «1946 жылы Сәбит Мұқанов келіп, қабірдің ішіне түскен еді. 1950 жылы өзім де түсіп, денесін сипаған едім, сонда жадағай жерде жатса да, біртүрлі хош иіс шығып тұрды. Ешбір құрт-құмырсқа, көрді жайлап алатын сасық күзен, тышқанның ізі білінбеді», — деп жазған болатын.

Мәшһүр Жүсіп бабамыздың мазарына қызыл өкіметтің жендеттері талай келіп, ішіне кіре алмай немесе жолда ажал құшқан кездері болған. Ал зиратын жермен-жексен еткен хатшы да, оны бұзған адамдар да кейін қарғысқа ұшырап, оңбай кетсе керек. Тіпті ұрпақсыз кеткенін көрген жұрт «әулиенің ісі ғой» десетін.

Мәшһүр Жүсіп өзі қайтыс болғаннан кейін де қазақтың азаптан арылмасын болжап: Күншілдер көрінгенге қуғын салып, Ақыры күнәсізге жала болар. Үлгілі өнегелі салты құрып, Қаптаған айналасы қала болар, — деп, қуғын-сүргін мен отырықшылыққа көшірудің зардаптарын жырға қосады.

Енді бірде: «Ақиқат жолында жалындап, Алланың жазуымен емес, адамның қолынан қаза болғандардың ғасыр соңында жұлдызы жанар», – деген екен. Демек, Қазақстанда орын алған сталиндік саяси қуғын-сүргіннің бетпердесі ашылып, тұлғаларымыздың ақталарына сенген болар.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

2 дня ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

3 дня ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

4 дня ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

4 дня ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

4 дня ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

6 дней ago