Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Руханият > Мүшелдің ішінде ең қауіпті кезең – 37 жас
Руханият

Мүшелдің ішінде ең қауіпті кезең – 37 жас

Сая Манарбековна
Сая Манарбековна 14.12.2023
Обновлено 14.12.2023 в 04:12
Поделиться
Фото: ашық дереккөзден
Поделиться

Қазақ халқында «мүшел жас» деген ұғым бар. Оған ерекше мән берген. Адамның өміріне байланысты ананың құрсағындағы мерзімді есептеп, бірінші мүшелді 13 деп алған. Одан кейінгі мүшел жас әр 12 жыл қайталанған сайын есептеліп отырған.

Бұл мүшел жастың қандай қатері бар? Мүшел жас туралы не білу керек? Осы туралы этнограф Серік Ерғалидан, нумеролог Радмила Ескендірден сұрап көрдік, деп жазды El.kz

Мүшел жас – қазақ халқының есептеу үлгісі. Мүшелден мүшелге өтерде тән мен жан өзгеріске ұшырып, тоқырау кезеңі болады деп сенген. Дәстүрлі дүние танымымызда 12 жыл сайын мүшел қайталанып отырады. Мүшелдің ішінде ең қауіпті кезең – 37 жас. Өйткені дәл осы жас – ең басты мүшел деп аталады. Жігіттік кезеңнен мосқалдау кезеңге өтіп, дүниеге қызыға қарайтын уақыты, өмірдің бел ортасы деген қазақ садақа беріп, мүшелден аман-есен өтуді сұраған.

Мүшел жасты қатерлі деп айту дұрыс емес. Бұл – бір кезеңнен екінші кезеңге өтетін өтпелі дәуір. Оған үлкен дайындықпен келу керек. Мәселен, 13 жас балалық кезеңнен 25 жас жігіттік шаққа өтеді. Жаңа бір белесті бағындырады. Жаңа кезеңге өткенде шамалы қиындығы болады ғой. Мәселен тоқсаныншы жылдары жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өткенде, қиындықтар болды. Сол сияқты жаңаның өзіне тән жаңалығы болады. Ал оған бірден дайын бола бермейміз. Бұл адамның өзіне есеп беретін уақыты. Осы бір мүшелді «қандай жақсылықтар жасадым? Не тындырдым?» деген сияқты сауалды өзіне қою керек. Мән-мағыналы өткізуге тырысу керек.

Ол сондай-ақ қазақ әр мүшелге ат қойылған дейді.

  • Бірінші мүшел – 13 жас – ер жете бастау
  • Екінші мүшел – 25 жас – жігіттік жас
  • Үшінші мүшел – 37 жас – ақыл тоқтату
  • Төртінші мүшел – 49 жас – кемелдену
  • Бесінші мүшел – 61 жас – орта жас
  • Алтыншы мүшел – 73 жас – қарттық
  • Жетінші мүшел – 85 жас – кәрілік
  • Сегізінші мүшел – 97 жас – қалжырау
  • Тоғызыншы мүшел – 109 жас – шөпшек сүю
  • Оныншы мүшел – 121 жас – немене сүю

Мүшел жаста не істеу керек?

Этнограф қазіргі заманауи қазақтарда қалыптасқан киім тарату деген әдет-ғұрыптың бұрын да болғанын айтады. Бірақ тек киім тарату ғана емес, кез келген қайырымдылық түрі құпталады.

Бұрынғы кезде киім ең қымбат зат болды. Сол қымбат нәрсені беру арқылы біреуге сый-сияпат жасайсың. Қазіргі кезде қайырымдылық жасауға, азық-түлік таратуға, ет беруге болады. Ғаламдық деңгейдегі энергетикалық ілімдер бар. Олардың құпиясы әлі бізге ашылмаған. Оны қазіргі материалдық түсінікпен біз ұға алмаймыз. Бірақ осы ілімдерде де адамның 12 жыл сайын өмірі жаңа кезеңге өтіп отыратыны айтылады. Сондықтан ата-бабаларымыз қайырымдылық жасауға үндегені бекер емес.

Этнограф айтқан энергетикалық ілімдерге қатысты сұрақты нумеролог Радмила Ескендірден сұрадық. Оның сөзінше, 12 жыл сайын адамның өмірінің жаңа кезеңі басталуы нумерологияда да бар екен.

Нумерология мүшел жас туралы ештеңе айтпайды. Бірақ нумерологияда адам өмірі 12 жылдық циклдарға бөлінеді. Туғаннан 12 жасқа дейін, 12-ден 24 жасқа дейін, 24-тен 36 жасқа, 36-дан 48 жасқа дейін, 48-ден 60 жасқа дейін, 60-тан 72 жасқа дейін. Нумерологияда 36 жас – адамның орта жасы. 36 жасқа дейін адам өмірінің бірінші кезеңі, 36 жастан кейін екінші кезеңі саналады. Осылайша адамның толық ғұмыры 72 жыл деп есептеледі. 72 жастан кейін жоғарыда айтқан циклдар қайтадан басталады.

Мүшел жас деген қай жас? Қазір біреулер 36-37 деп, біреулер 37-38 деп шатасып жүр. Мүшел жас – 36 жас, яғни 36-да кіріп, 37-де шығады. Бұлай есептей алмасаңыз, онда былай есептеңіз: сіз тауық жылында туғансыз дейік, енді келесі айналып келетін әр тауық жылы сіздің мүшел жасыңыз.

Жалпы мүшел жаста да, кібісе жылында туған адамдардың өмірінде де түсініп болмайтын құбылыс бар. Кібісе жылында туған кей адамдар зор жетістікке жетіп, адамзат тарихында аты қалса, кейбірінің тағдыры тіпті ауыр келеді екен. Мүшел жаста да солай, біреулерге жақсылық келе бастайды да, біреулер қиындыққа ұшырайды. Әзірге мұның сырын ашқан ешкім жоқ.

Мүшел жас қалай есептеледі?

Этнографтың сөзінше, 1 жас мүшелге кірмейді екен. Сәби 2 жастан бастап мүшелге кіреді.

Адам туғаннан кейінгі бір жас микро мүшел. Бір жасқа дейін адам баласы жер бетінікі болып есептелмейді. Сондықтан 1 жас мүшелге есептелмейді. 12 жылдан жалғаса береді. 1 жастан 2 жасқа кеткен кезде мүшел басталады. Әр адам өзінің туған жылында мүшелге кіреді. Мысалы тышқан жылында туған адам тышқан жылы айналып келгенде, мүшелге кіреді.

Этнограф пен нумеролог мүшелдің адам түсініп болмайтын бір тылсымы бар екенін ескертеді. Бірақ қатерден қорықпай, қайырымдылық жасау кез келген жамандықтың алдын алады деп сендірді.

ТЕГи: Қазақстан, Руханият, Сарапшылар ойы
Сая Манарбековна 14.12.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
Спорт

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

18.11.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?