Бұған дейін жіберілген әскерге шақыру қағаздары күшін жоғалтты.
Мәскеуде ішінара жұмылдыру аяқталды. Президенттің Жарлығы мен Қорғаныс Министрлігінің тапсырмасы бойынша ішінара жұмылдыру міндеттері толық көлемде орындалды. Бұл туралы Мәскеу қаласының мэрі Сергей Собяниннің ресми сайтында жарияланды.
Мобилизацияға жұмылдырылғандарды жинау пункттері 2022 жылғы 17 қазанда Мәскеу уақытымен сағат 14:00-де жабылады. Мобилизацияға шақырту қағазын жіберу тоқтатылады.
Мобилизация мыңдаған мәскеулік отбасылар үшін үлкен сынақ болды, олардың әкелері, күйеулері мен ұлдары бүгінде әскерге тартылады. Алайда, ішінара жұмылдыру міндетін орындау, ең алдымен, мәскеуліктердің жауапкершілігі, парызы және патриотизмінің арқасында іске асырылды. Мен сіздерге алғыс пен ризашылығымды білдіремін. Біз бәріміз сіздердің тағдырларыңызға уайымдаймыз, алда кездесетін қиындықтар мен қауіп үшін алаңдаймыз,
деп жазды Собянин.
Әкім мәскеуліктерге алғысын білдіріп, фронтқа кеткендер аман-есен үйлеріне оралатынына үміттенетінін жеткізді. Сонымен қатар, ол қақтығыс алаңына аттанатындардың отбасылары мен жақындарына Мәскеу қамқорлық жасайтынын айтты.
Біз әлі де Қорғаныс министрлігіне материалдық-техникалық базаны қамтамасыз етуде тікелей көмектесеміз. Мәскеуліктер әскери борышын өтеп жүрген аймақтардың басшылығымен бірге біз әскери бөлімдердегі жағдайды жақсартуға көмектесеміз,
деді Сергей Собянин.
Мәскеу ішінара жұмылдыру аясында шақырылғандарға айына 50 мың рубль төлейді. Сонымен қатар, Ресей астанасында жұмылдырылған мәскеуліктердің туыстарын қолдау орталығы жұмыс істейді.