Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің басшысы Арман Қожахметов мәжілістің мерзімінен бұрын таратылуына қатысты пікірін білдірді.
Мен әлі нақты білмеймін. Мүмкін, иә, осы айда. Менің ойымша, бұл туралы Президент айтты. Ол бірінші жартыжылдықта осындай шешім қабылданатынын ескерткен болатын. Бұл үшін бәрі дайындалды. Тиісті заңдарға өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Мәслихатта да, Мәжілісте де сайлаудың аралас жүйесі болады. Сондықтан бұл өзгеріс жақын арады болуы керек,
деді Қожахметов.
Ол Мәжілісті таратуға депутаттардың өзі бастамашы бола алатынын айтты.
Депутаттар өзін-өзі таратуға бастамашы бола алады. Ал сайлау екі айдан кейін жарияланады. Олар (Мәжіліс депутаттары. — Ескерту) отставкаға кеткенде, Сенат заң шығару миссиясын атқарады,
деді комитет басшысы.