Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Саясат > Мәжіліс пен мәслихат сайлауына 7 партия қатысады
Саясат

Мәжіліс пен мәслихат сайлауына 7 партия қатысады

Анара Бауыржанқызы
Анара Бауыржанқызы 07.02.2023
Обновлено 07.02.2023 в 03:02
Поделиться
Поделиться

Орталық сайлау комиссиясы Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлауға қатыса алатын партиялар тізімін жариялады, деп хабарлады Elorda.info.

Сайлау туралы конституциялық заң талаптарына сәйкес, партиялық тізімдер бойынша 70 пайызы сайланатын Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттарды ұсыну құқығы тек саяси партияларға ғана тиесілі.

ҚР Әділет вице-министрі Алма Мұқанова Орталық сайлау комиссиясының отырысында қазіргі уақытта Қазақстанда 7 саяси партия тіркелген және жұмыс істеп отырғанын айтты. Олар:

  • «Қазақстанның Халық партиясы» – 2002 жылы сәуір айында тіркелген;
  • «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 2000 жылы наурыз айында тіркелген;
  • «Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы – 2007 жылы қаңтар айында тіркелген;
  • «AMANAT» партиясы – 1999 жылы ақпан айында тіркелген;
  • «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы – 1999 жылы ақпан айында тіркелген;
  • «Байтақ» қазақстандық жасылдар партиясы – 2022 жылы қараша айында тіркелген;
  • «Республика» партиясы – 2023 жылы қаңтар айында тіркелген.

Барлық аталған саяси партиялардың Жарлықтарында партия Мәжіліс, мәслихат депутаттығына кандидаттар ұсынуға құқылы екені көзделген.

Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта аталған саяси партиялардың қызметін тоқтата тұру, қайта ұйымдастыру немесе тарату бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқан жоқ.

Саяси партиялар партиялық тізімдерге осы саяси партияның мүшесі емес адамдарды кіргізе алмайды. Бұл ретте, партиялық тізімге енгізілген адам бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша ұсыныла алмайды.

Партиялық тізімдер бойынша саяси партиялар осы шақырылымда мандаттар санының 50% мөлшерінде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астана мәслихаттарының депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімін ұсына алады. Ол үшін Сайлау заңының 103-бабының 4-тармағына сәйкес, саяси партияның тиісті филиалының жоғары басшылығының шешімі азаматтың партиялық тізімге енуіне келісім беру туралы өтінішімен бірге беріледі,

деді Алма Мұқанова.

Сонымен қатар тағы екі саяси партия Мәжіліс сайлауына қатысуы мүмкін.

Екі саяси партияға тиісті растау берілді, олар: «Ел тағдыры», «Ұрпақтар жалғастығы» партиялары. Келесі кезең – съезд өткізу. Егер 8 ақпанға дейін тіркеліп үлгерсе, тиісті шешім қабылданады,

деді А.Мұқанова.

Қазіргі таңда 6 саяси партияның құрылымдық бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері) тіркелген, оның ішінде бес саясы партияның барлық 20 өңірлерде құрылымдық бөлімшелері бар.

Атап айтқанда, «Қазақстанның Халық партиясының» – 20, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының – 22, «Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының – 21, «AMANAT» партиясының» – 250, «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясының» – 20 филиалы тіркелген. Бұл ретте, Байтақ партиясында 3 құрылымдылық бөлімі Атырау, Қызылорда және Қарағанды қалаларында ашылған. Ал «Республика» партиясында құрылымдық бөлімшелер тіркелмеген.

Жаңадан тіркелген саяси партиялар, заңның 10-бабының 3-тармағына сәйкес, тіркеу күнінен бастап 12 ай ішінде құрылымдық бөлімшелерін тіркеуге міндетті.

Еске сала кетсек, 19 наурызда Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді. Кандидаттарды ұсыну сайлауды тағайындау туралы Жарлық жарияланған күннен басталады және 20 күнге созылады, 8 ақпанда әр аймақта жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады. Үміткерлерді тіркеу 20 қаңтардан 18 ақпанға дейін жалғасады. Сайлау алдындағы үгіт-насихат 18 ақпан күні сағат 18:00-де басталып, 18 наурыз сағат 00:00-ге дейін жүргізіледі.

18 наурыз – тыныштық күні, ал 19 наурыз – сайлау күні.

Анара Бауыржанқызы 07.02.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

Саясат

Қазақстан Киев шақырған саммитке қатысу мәселесін әлі қарастырып жатыр

05.06.2024
МаңыздыСаясат

Утильсбор деген қазақтың соры…

31.05.2024
Әлеуметтік желіге шолуСаясатСпорт

Турлов деген бәле болды…

30.05.2024
Саясат

Мирзияевке тіл тигізбе, сотталасың!

30.05.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?