Қоғам

Мәжілісте ақпаратқа қол жеткізу туралы заң жобасы таныстырылды

Бүгін Мәжілісте ақпаратқа қол жеткізу және қоғамдық қатысуы туралы заң жобасы таныстырылды.

Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева хабарлады.

Заң жобасының негізгі мақсаты – «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын одан әрі іске асыру және барлық билік тармақтарының ашықтығы деңгейін арттыру.

«Ашық НҚА» порталында қоғамдық талқылаулар өткізу және депутаттық заң жобалары бойынша реттеушілік әсерді талдау мәселесі төңірегінде қызу пікірталас болды.

Қазіргі кезде қорытынды жасауға әлі ерте екенін айта кеткім келеді. Заң жобасы бойынша жұмыс тобы енді ғана өз жұмысын бастамақ.

Үкімет депутаттық корпуспен бірлесіп, талқылаулардан кейін екі жаққа да қолайлы шешім шығарады деп пайымдаймын.

Естеріңізге сала кетейін, «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылдан бері қолданыста және азаматтардың ақпаратқа қолжетімділігін арттыруға, сондай-ақ ақпарат иеленушілер қызметінің ашықтығы мен қоғам алдындағы есептілігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Сайт Әкімшілігі

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago