Алаяқ әйел жалған құжаттармен өмір сүрген.
Маңғыстаулық полицейлер қылмыскерді Алматыда ұстаған. Оны қалалық ішкі істер басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамады.
Полицейлердің мәліметінше, Батыс Қазақстан облысының тумасы 54 жастағы әйел Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігінде (Алаяқтық) көзделген қылмысты жасағаны үшін 12 жыл бойы іздеуде болған.
Қылмыскер бүкіл уақыт бойы Алматыда жалған құжаттармен тұрған.