Ақ қасқыр фотоқақпанға түсіп қалды.
SmartNews басылымының хабарлауынша, Маңғыстау даласында сирек кездесетін ақ қасқыр көзге түсті.
Бұл туралы MangystauMedia жазды.
Өте сирек кездесетін жыртқыш ақ қасқыр «Манашы» мемлекеттік табиғи қаумалында фотоқақпанға түскен.
Ақ қасқыр – Маңғыстауда өте сирек кездесетін жыртқыш аң. Оның сезімталдығы жоғары әрі төзімді, өз аумағында ең қаһарлы жыртқыш саналады. Салмағы мекен ететін жеріне қарай 30-80 келі шамасында болады,
дейді Маңғыстау облыстық Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мамандары.