Ақтау соты жұмысқа шықпай қойып, наразылық білдірген жедел жәрдем қызметкерлерін жұмыстан шығаруға үкім шығарды. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.
Ақтау соты фельдшерлер мен жәдел жәрдем көлігі жүргізушілерінің митингісін заңсыз деп шешті. Осымен қызметкерлер алтыншы күн жұмысқа шықпай жүр. Енді Маңғыстау облысының жедел жәрдем бекеттерінде істейтін ондаған қызметкерге жұмыссыз қалу қаупі төніп тұр.
Митингіге шыққандар жалақы мен әлеуметтік пакет көлемінің көтерілуін және жедел жәрдем бригадасы қызметкерлері санының артуын талап етті. Басшылықтың келісімге шақырғаны және қорқытқаны оларды жұмысқа қайтарған жоқ. Жұмысқа Жаңаөзен қаласы мен Мұнайлы ауданы, облыс орталығы қызметкерлері шықпай қойған.
Ақыры соңында басшылық сотқа жүгінген. Сот ереуіл заңсыз деген үкім шығарды. Себебі қызметкерлер митингіге шықпас бұрын директорға ресми хат жіберуі керек еді. Онда не нәрсеге келіспейтінін, талабын, митинг өтетін орын мен уақыты, митингіге шығатын қатысушылардың ықтимал саны көрсетілуі керек болған. Оған қоса, жедел жәрдем бригадасы аз көлемде болса да, міндетті түрде жұмысқа шығуы керек еді,
дейді телеарна тілшісі.
№2 Ақтау сотының судьясы Рақымжан Бейсеновтің айтуынша, медицина қызметкерлері ереуілді дереу тоқтатуы керек.
Қазіргі соттың ереуілді заңсыз деп тану туралы шешімі дереу орындалып, ереуіл тоқтатылуы керек. Қызметкерлер жұмысқа шықпаса немесе ереуілді жалғастырған жағдайда жұмыс беруші тәртіп сипатындағы жазадан бастап, келісімшартты бұзуға дейінгі шара қолдана алады,
деді Рақымжан Бейсенов.
Айта кетейік, Маңғыстауда жедел жәрдем қызметкерлері жалақының аз екенін шағымданып, жұмысқа шықпай қойған еді.