Магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеудің аралық нәтижелері шықты. Тестілеу басталғалы кешенді тестіні 35 мыңға жуық адам тапсырған.
Биыл магистратураға түсуге республика бойынша 46 066 өтініш келіп түсті. Тест тапсырғандардың 45%-і шекті балл жинады. Әзірше орташа балл 72 болып тұр.
Ереже бұзғаны үшін 265 адамның тест нәтижесі жойылды. Оның ішінде:
- тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан 144 оқуға түсуші тестілеуден өту мүмкіндігінен айырылды;
- 117 адам тестілеу кезінде ереже бұзғаны үшін аудиториядан шығарылды;
- постпрокторинг (видеожазбаларды қайта қарау) қорытындысы бойынша төрт адамның нәтижесі жойылды.
Кешенді тестілеуге кіргізу кезінде FACE-ID жүйесі арқылы төрт бөгде тұлға анықталды,
деп жазды Ұлттық тестілеу орталығы Facebook-парақшасында.
Орталық тест тапсырушыларға мазмұны бойынша апелляцияға өтінішті тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде, ал техникалық себептер бойынша өтінішті тестілеу кезінде ғана бере алатынын еске салды.