Өтініштер 2022 жылдың соңына дейін ғана қабылданады.
19 желтоқсанда Қазақстанда әйелдерге арналған «Ұмай» ипотекасына тұрғындардан өтініш қабылдау басталды.
Бұл жолғы науқанның басты ерекшелігі бастапқы жарна талап етілмейді.
Сонымен қатар бағдарлама шарттары мынадай:
- Несие мөлшерлемесі – 13,2% (тұрғын үй заемына ауысқан кезде 3,5%-ға дейін төмендейді);
- Несие мерзімі – 25 жылға дейін.
«Ұмай» тұрғын үй бағдарламасына Қазақстанның 18 жастан асқан әйелдері қатыса алады. Пәтерді Қазақстанның кез-келген қаласынан несиеге рәсімдеуге болады.
Еске салайық, «Ұмай» ипотекасының көмегімен жаңа не қолданыста болған тұрғын үйді сатып алуға, сонымен қатар, жөндеу жұмыстарына несие алуға болады.
«Ұмай» ипотекасы үй алу үшін 25 жылға дейінгі, ал үй жөндеу үшін 10 жылға дейінгі мерзімге беріледі.