Categories: Денсаулық

Майлы және тәтті тамақпен арықтататын жаңа дәрі

Техас университетінің (АҚШ) медицина ғылымдары орталығы бүкіл әлемдегі тәттіқұмарлар мен артық салмағы бар адамдардың арманын орындады.

Ғалымдар салмақ қосуға және бауырдың жағымсыз өзгерістеріне жол бермейтін препарат ойлап тапты.

Жаңа өнімді осы уақытқа дейін үнемі қант пен майды көп тұтынған кеміргіштерде ғана сыналды, дегенмен американдықтар семіздікке қарсы дәрі таптық деп сенеді. Ал оның әрекет ету принципі тіпті қарапайым және жасушалардағы энергияны өндіру мен тұтынуды анықтайтын магнийдің метаболизмге әсеріне негізделген.

Төртінші элемент

Магний организмде кальций, калий және натрийден кейінгі төртінші ең көп таралған элемент екені белгілі. Ол денсаулықты сақтауда маңызды рөл атқарады, соның ішінде қандағы қант деңгейін, қан қысымын және сүйек түзілуін реттейді. Бірақ оның шамадан тыс болуы, зерттеушілер анықтағандай, жасушалар үшін «электр станциялары» болып табылатын митохондрияларда энергияның өндірілуін баяулатады.

Тышқандардан магнийдің митохондрияға тасымалдануын қамтамасыз ететін MRS2 генін алып тастау олардағы қант метаболизмінің тиімдірек жұмыс істеуіне әкелді. Кеміргіштердің денсаулығы жақсарып, артық салмақтары кетті. Ең бастысы, жануарларда майлы бауыр ауруларының белгілері және нашар тамақтану, семіздік және 2 типті қант диабетімен байланысты асқынулар байқалмады.

Осы зерттеуге сүйене отырып, ғалымдар CPACC препаратын әзірледі, ол ұқсас принцип бойынша жұмыс істейді – митохондрияға магнийдің келіп түсуін шектейді.

Препарат жоғары калориялы, тәтті және майлы диетадан кейінгі ұзақ тамақ стрессінде жүрген тышқандарда сыналған. Мұндай тамақтану семіздікке, 2 типті қант диабетіне және жүрек-қантамырларының асқынуына әкелуі мүмкін. Тәжірибелер тағы да тамаша нәтиже көрсетті – тышқандар да арықтап, денсаулықтары жақсарды. Медицина ғылымдары Орталығы қазірдің өзінде патент алуға өтінім берді және адамдарға арналған дәрі-дәрмек жасауды жалғастыруды көздеп отыр.

Фариза Сагындыкова

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

2 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

2 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

2 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

2 дня ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

2 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

3 дня ago