Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Экономика > Макарон жеуден Қазақстан Италиядан кейінгі екінші орында
Экономика

Макарон жеуден Қазақстан Италиядан кейінгі екінші орында

Арман Ерғалиев
Арман Ерғалиев 24.04.2023
Обновлено 24.04.2023 в 12:04
Поделиться
Поделиться

Бесбармақ пен лағманды ұнататындарға қиын болды: ҚР-да кеспенің барлық түрлерінің бағасы бір жылда 36% қымбаттады, дейді finprom.kz.

Кеспе және жалпы макарон өнімдері қазақстандықтардың ас мәзірінің маңызды элементі. Сектордағы өнімдердің барлық түрлері көптеген ұлттық тағамдардың негізі, оның ішінде бесбармаққа да пайдаланылады.

Биыл бірінші тоқсанда ҚР-да макарон өнімдерінің өндірісі 39,3 мың тоннаны құрады, бұл өткен жылмен шамалас (0,8% азайған). Негізгі өндіріс Қостанай (6,8 мың тонна, бір жылда 6,9% өскен) және Солтүстік Қазақстан (6,7 мың тонна, 8,9% өскен) облыстарында, сондай-ақ Шымкентте (6,3 мың тонна), Батыс Қазақстан облысында (5,4 мың тонна) және Астанада (5 мың тонна). Осы бес облыстың үлесіне саладағы жалпы өнім көлемінің 77%-ы тиесілі.

Өндірістің шамамен 35%-ы жұмыртқа қосылған макарон өнімдері: 2023 жылдың алғашқы үш айында 12,8 мың тонна өндірілді. Оның ішінде 11,7 мың тоннасы әр түрлі макарон өнімдері, 1 мың тоннадан астамы кеспе. Шығарылған өнімнің тағы 65%-ы, 26,5 мың тоннасы жұмыртқасыз макарон өнімдері.

Жалпы, 2022 жылдың қаңтар–желтоқсан айларында сектордағы өндіріс 166,1 мың тоннаны құрап, 2021 жылмен салыстырғанда 4% өсті. Өндірістің рекордтық көлемі 2020 жылы тіркелді, бұл көрсеткіш бірден 178,9 мың тоннаны құрады.

Елімізде макарон өнімдерінің танымалдылығын ескере отырып, саланың дамуы үлкен маңызға ие, сондықтан өндірістің кеңеюін өте оң көрсеткіш деуге болады. Мысалы, 2019 жылы павлодарлық «Машам» бренді Астанада жаңа қуаттарды іске қосты. Кәсіпорын бесбармақ, лағман және көжеге арналған жұмыртқа қосылған кеспе шығарады. Өндірістің кеңеюіне «Даму» қоры Кәсіпкерлікті дамытудың 2021–2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы аясында жәрдемдесті. Несиелік қолдау серіктес қаржы институты — ForteBank арқылы көрсетілді.

ForteBank «Дамумен» бірлесе отырып, жылдық небәрі 8% жеңілдік мөлшерлемемен шағын және орта бизнесті несиелейді («Даму» қорының мөлшерлемені субсидиялауын қосқанда). Максималды қаржыландыру мерзімі 5 жылға дейін, ең жоғары сома 3 млрд теңгеге дейін. Бағдарлама саудадан басқа экономиканың басым секторлары үшін жұмыс істейді. Кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасының құралдары арқылы ҚР тамақ өнеркәсібінің көптеген кәсіпорындары қаржыландырылды. Сондай-ақ, ForteBank-те де, «Даму» қорында да елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде басты рөл атқаратын тамақ өнеркәсібін қолдаудың басқа да құралдары бар.

Айта кетейік, ЕО макарон өнімдерін өндірушілер ұйымы одағының макарон өнімдерін тұтыну бойынша елдер рейтингіне сай, бірінші орында Италия (2021 жылы жан басына шаққанда 23,5 кило), екінші орында Тунис (жан басына шаққанда 17 кило).

ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, ҚР-да 2021 жылы макарон өнімдерін (вермишель, спагетти, макарон және рожки) тұтыну жан басына шаққанда 18 килоны құрайды, көрсеткіш Тунистен көп және АҚШ-тан екі есе көп. 2022 жылы тұтыну жан басына шаққанда 17,3 кг өнімге дейін аздап төмендеді, бірақ бұл басқа елдермен салыстырғанда әлі де өте жоғары. Ұлттық тағамның ерекшелігін, лағманның көптігін, бесбармаққа деген құмарлықты ескерсек, бұл таң қаларлық емес.

Айтпақшы, итальяндық және қазақстандық макарон әуесқойларын кейде өнім өндіруге арналған шикізат біріктіреді: мысалы, бұл сектордағы әлемдегі ең ірі өндіруші итальяндық Barilla басқа елдердің ұнымен қатар Қазақстанда өндірілетін қатты бидай ұнын да пайдаланады. Ол ұн Ақмола облысындағы Agrimer-Astyk зауытында шығарылады. Бұл зауыттың ашылуына «Даму» қоры да үлесін қосты, несиені оған да ForteBank берді.

Айта кетерлігі, саладағы кәсіпкерлерді қолдауды күшейту керек. ҚР-дағы өнімдер айтарлықтай қымбаттауда, бұл республиканың азық-түлік қауіпсіздігіне сөзсіз әсер етеді.

Мәселен, наурыз айының қорытындысы бойынша, макарон өнімдері бір жылда бірден 35,1% қымбаттады. Қазақстандықтар сүйіп ішетін кеспе бағасы 36,2%, вермишель 35%, рожки 33,2% қымбаттады.

Осындай жағдайда ШОБ және тамақ өнеркәсібіндегі өндірісті дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар елдің әл-ауқаты үшін стратегиялық мәнге ие бола түсуде.

ТЕГи: Қазақстан, Экономика
Арман Ерғалиев 24.04.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
Спорт

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

18.11.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?