Алматы қаласының тұрғыны тікелей эфирде қазақ тілін қорғаланы үшін сот алдында жауап береді.
Желіде қыздың тікелей эфирінен үзінді кеңінен тарала бастады. Ол қазақ тілін «мамбеттер мен колхоздар» тілі деп кемсітіп, халықтың ашуына тиді.
Ауылдардан қалаға келген мамбеттерді жек көремін, солардың кесірінен қалада, Абай көшесінде кептелістер пайда болды. Маған қазақ тілі мүлдем ұнамайды, «мамбетоз» тіл. Қырғыз тілі де сондай,
деп мәлімдеді қыз.
Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 174 бабының 1 бөлігімен (Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк немесе дiни араздықты қоздыру) бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Желі пайдаланушылары қыздың мәлімдемесіне қатысты ойларын жазды.
- Тілдің қадірін білмеген және ойы шатасқан. Жазалау керек.
- Афганистанға департация жасасын.
- Ақымақ, жетісіп отырмын деп отырсың ба, керім болып. Елден қуып жіберсе ғой осындайларды. Ешкімге керек емес болып қалады сосын. Өз елі де жоқ, тілі де жоқ, діні де жоқ болып.
- Көргенсіздік!