Categories: Қоғам

McDonald’s Қазақстан нарығынан кетуі мүмкін

McDonald’s Қазақстандағы жұмысын біржолата тоқтатуы мүмкін. Бұл туралы Bloomberg хабарлады.

Агенттіктің мәліметінше, McDonald’s Ресей нарығынан кеткеннен кейін Қазақстандағы франшизаға Ресейден ет сатып алуға тыйым салған. Ал Қазақстанға жергілікті немесе еуропалық тасымалдаушылар арқылы ет алып келу қымбатқа түседі. Салдарынан компания шығынға ұшырауы ықтимал.

Десе де Қазақстандағы McDonald’s мейрамхананың өкілдері әзірге ресми мәлімдеме жасамады.

Айта кетейік, 2022 жылғы қарашада елдегі McDonald’s мейрамханалары ет жеткізу мәселесіне байланысты жұмысын уақытша тоқтатқан еді. Жергілікті «Атамекен» арнасының хабарлауынша, желтоқсанның ортасында қазақстандық өндірушілер McDonald’s мейрамханасына өз өнімдерін жеткізуге даяр екенін мәлімдеген. Сол кезде арна Food Solutions KZ бас директоры Әсет Машановтың «мейрамхана жұмысын қалпына келтіруге күш салып жатқаны туралы» сөзін келтірген болатын.

Наргиза Аршидин

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

21 час ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

21 час ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

21 час ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

22 часа ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

23 часа ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

2 дня ago