ҚМДБ электронды темекі шегудің үкімі қандай екенін айтты

Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы электронды темекіге байланысты пікір білдірді. «Электронды темекі – ішінде химиялық қоспасы мен сұйықтығы, арнайы ауыстыратын картриджі бар, өкпеге тыныс алу жолдары арқылы никотин және улы заттарды жеткізетін темекінің жаңа түрі» дей келе ҚМДБ баспасөз қызметі бірқатар ғалымдар темекінің денсаулыққа зиян әрі ысырап екенін алға тартып, темекі шегуді харам дегенін еске салды. Бұған Алла Тағаланың құрандағы: «Өздеріңді өз қолдарыңмен құрдымға кетірмеңдер…» («Бақара» сүресі, 195-аят) деген сөздері дәлел.

«Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Өзіңе де, өзгеге де зиян келтіруге болмайды» деп ескерткен» дейді ҚМДБ баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, ханафи мәзһабының ғалымы шейх Мухаммад әл-Айни: неліктен темекі тарту харам саналатыны туралы дәйектерін келтірген.

1. Денсаулыққа зияндығы;

2. Есірткінің бір түрі әрі адамның әлін кетіретін нәрсе болғандығы;

3. Жағымсыз иісінен темекі шекпейтін адамға зияны тиюі;

4. Ысырапшылдық.

Ханафи мәзһабының кейбір ғалымдары темекі тартуды мәкруһ тахрими деп санайды. Әл-Мәусуғату әл-фиқһия атты кітапта: «Темекі тарту кейбір адамның денсаулығына, ақылына зиян болатыны нақтыланса немесе темекіге жұмсаған қаражатқа өзі және отбасы қатты мұқтаж бола тұра сарп етсе, харам болады. Ал бұдан басқа жағдайда мәкруһ саналады» делінген.

Сонымен қатар, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) және ислам медицина ғылымдары ұйымы ғылыми тұрғыдан электронды темекінің, калянның және басқа да шылымның түрлері адам баласының денсаулығына зиян екендігін нақты түрде айтқанын жеткізді.

Сондықтан электронды темекіні қолдану харам деп саналады. Себебі электронды темекінің зияны әдеттегі темекіден асып түспесе кем емес. Мысыр, Иордания елінің пәтуа комитеті элетронды темекіге тыйым салған.

Сөйтіп, Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы электронды темекі адамның денсаулығына зиян болғандықтан және ысырапқа жататындықтан – харам деп, оны қолдануға болмайды деп үкім шығарды.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

23 часа ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

24 часа ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

24 часа ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

1 день ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

1 день ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

2 дня ago