Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Қоғам > «Меңіреу әйелден меңіреу ұрпақ туады»: Қарақат Әбден әйелдерге лауазым беруді талап етті
Қоғам

«Меңіреу әйелден меңіреу ұрпақ туады»: Қарақат Әбден әйелдерге лауазым беруді талап етті

Сая Манарбековна
Сая Манарбековна 27.09.2023
Обновлено 27.09.2023 в 02:09
Поделиться
Фото: ашық дереккөзден
Поделиться

Гендерлік саясатты іске асыру еліміздегі өзекті бағыттардың біріне айналып отыр. Мәжіліс депутаты Қарақат Әбден корпорациялар мен әкімдіктердегі басшылыққа әйелдерді тағайындау мәселесін көтерді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Халқымыздың 51 пайызын әйелдер қауымы құрайтынын ескерсек, елдегі саяси өмірге де барлық азаматтың тең дәрежеде қатысуын қамтамасыз ету маңызды.

Әрине, қазір мемлекеттік басқару ісінде, саясатта, бизнесте де әйелдер үлесі біршама артқанын мойындауымыз керек. Жаңартылған министрлер кабинетінің өзінде 4 әйел бар. Шүкір, өткен жылдармен салыстырғанда жақсы көрсеткіш. Бірақ, «бірді көріп «шүкір» айт, бірді көріп «пікір» айт» деген нақыл бар ғой, қазақта.

Гендерлік теңдікті қамтамасыз ету бойынша жұмысты жетілдіруге мемлекет басшысы баса назар аударды.

Мәселен, Президент квазимемлекеттік компанияларды басқарудағы әйелдердің үлесін 30%-ға арттыруды тапсырған еді. Бірақ, әлі күнге дейін мемлекеттік компаниялардың басқарушы санатындағы әйелдердің үлесі небәрі 6-7 процентті құрайды. Тіпті «Қазақстан Темір Жолы», «KEGOC», «Қазақтелеком» сынды  ірі компаниялардың директорлар кеңесінде бірде-бір әйел жоқ, — деп нақтылады депутат.

Ал халықаралық ашық статистика индексінде Қазақстан әлемнің 146 елін қамтитын жаһандық гендерлік теңдік бойынша Оңтүстік Африка, Ямайка, Мозамбиктен кейінгі 62-орында тұр.

Осы орайда, «Ауыл партиясы» барлық жергілікті атқарушы органдар бойынша мәліметтер жинақтады. Мысалы, Түркістан облысын алсақ, әкімнің 5 орынбасары бар, бірақ оның ішінде бірде-бір әйел жоқ. Облыстағы аудан әкімдерінің саны – 17, оның біреуі ғана әйел. Облыста 21 басқарма болса, оның біреуіне ғана әйел жетекшілік етеді.

Бұл көрініс, басқа өңірлерге де ортақ деуге болады. Басшы әйелдердің жалпы үлесі 17,8 пайызды ғана құрайтынын көрсетіп отыр.

Тіпті ең мықты кадрлар шоғырланған Астананың өзінде бір де бір әкім орынбасарлары жоқ,  5 аудан ішінде әйел — әкім тағайындалмаған. Біз заман талаптарына сай болуымыз керек! Дейтұрғанмен, арамызда «Әйел бастаған көш оңбайды», «Шашы ұзынның – ақылы қысқа» деген архаикалық, патриархалды ұстанымдағылар әлі де көп. Керек десеңіз, статистикалық мәліметтерге сүйенсек, мектептер мен жоғарғы оқу орындарында ұлдарға қарағанда, үздік оқитын қыздар көп. Саясат сахнасы білек емес, білімнің сыналар майданы емес пе?! Жалпы халықтың 50 пайыздан астам үлесін құрап отырған әйелдер неге басшылықта 50 пайыз орынды алмайды деген заңды сұрақ туындайды. Көп ойланудың қажеті жоқ: Гендерлік теңдікті қамтамасыз ету жолында  біз 30 пайызға жетіп, 50 пайызға ұмтылуымыз керек, — деді ол.

Осыған байланысты, Үкімет басшысынан келісідей ұсыныстарды назарға алуды сұрады.

Әкімдердің қызметін бағалайтын рейтингке өңірдегі топ-менеджменттегі әйелдердің үлесін анықтайтын көрсеткіш қосылсын.

Үкімет тарапынан әйелдердің саяси көшбасшылығын дамыту бойынша нақты бағдарламаларды даярлау қарастырылсын.

Қазақстандық әйелдердің ел үшін маңызды шешімдерді қабылдауға білімі де, біліктілігі де жетеді. Ия, әйелдің ең ұлы миссиясы – ана,  жар болу,  саналы ұрпақ тәрбиелеу. Бірақ  «Меңіреу әйелден меңіреу ұрпақ туады!»  деген ғұлама Мәшһүр Жүсіптің сөзін ұмытпайық. Сондықтан тас керең болашаққа тас атпайық десек, Домалақ ананың көзіндей болған сауатты, саналы әйелдің бүгінгі үні мінбеден естілуі тиіс.

деді депутат.
ТЕГи: Әлеуметтік желі, Қазақстан, Сарапшылар ойы
Сая Манарбековна 27.09.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
Спорт

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

18.11.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?