Медеу маңында жер астындағы ғибадатхана бар

Медеу мұз айдыны таныстыруды қажет етпейтін танымал нысан. Алматыға ат басын бұрған әрбір туристоны көруге асығады. Сондай-ақ мұз айдынының автотұрағынан көптеген танымал бағыттар басталады: Фурманов шыңына немесе Бутаков сарқырамасына, бөгет пен жылы сулардың бұлақ көздеріне серуендеуге болады.Бірақ,бұл маңайда көпшілік біле бермейтін тағы бір нысан бар – жерасты православие ғибадатханасы.

Ғибадатхана өткен ғасырдың басында пайда болған. 1918 жылы Серафим мен Феогност иеромонахтар биліктің қуғын-сүргініне ұшырады, епископ Пимен өлтірілгеннен кейін тауға қашуға мәжбүр болған. Ал тағы бір нұсқа бойынша, тауларда паналаған монахтар қаланың қарбалас тіршілігінен аулақ болуға тырысқан.

Олар Медеу шатқалындағы Мохнатка тауында үлкен шыршаның астынан үңгір қазып, сонда дұға етті, қуғын-сүргіннен жасырынды. Храмның ішіне апаратын 20 баспалдақ бар, іші белгішелермен ілінген үш бөлмеден тұрды. Үңгір ішінара ағашпен қапталған. Сол жылдары шағын монастыр Верный тұрғындары арасында танымал бола бастаған, келетін қауым саны артып, кейде адамдар сыймай қалатын болды. Кейіннен тау көшкінінен ғибадатхана опырылып қалды.

Сөйтіп, 1921 жылы монахтар Медеу шатқалынан Ақсай шатқалының жоғары жағына қоныс аударды. Ол жерде әлі күнге дейін Әулие Серафимо-Феогност монастыры бар.

– Біздің қаламыздың православтары бұл жер туралы біледі. Қазіргі уақытта оны жерасты шіркеу деуге келмейді, тауда қазылған, бірақ, кіреберістері опырылып қалған, – дейді Алматы қаласындағы Қазан ғибадатханасының діни қызметкері Георгий.

Аталған нысанға жету үшін Шымбұлаққа баратын жолдан оңға бұрылу керек. Zipline аттракционы орналасқан бірінші бұрылыста автотұрақтың артында төменге түсетін жалғыз аяқ жол бар. Шағын тоғай шуақты күнде де көлеңке түсіріп тұрады және ағаштар тығыз орналасқандықтан салқындық береді. 2012 жылғы ірі өрт осы таудың баурайын айналып өтті, жол бойында күйіп, құлаған ағаштарды кездестіруге болады.

Төмен жағында қызыл өрт сөндіру мұнарасы көрінеді. Аяқ жол одан ары еңістік бойымен төменге қарай созылып жатыр. Жаяу шамамен жарты сағаттық жер. Ғибадатхана шұңқырда орналасқан, қолайсыз ауа райында желден тығылуға болады.

Фото: АПН

Арман Ерғалиев

Recent Posts

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

2 дня ago

Алматыдағы мәйітхана күзетшісінің сұмдық тірлігі

Ол қайтыс болған адаммен жыныстық қатынас жасады деген күдікке ілінді. Алматы қалалық Полиция департаменті аталған…

3 дня ago

Автобус жүргізушісін ұрғаны 3 адамның өліміне әкелген жігіт сотталды

Дархан Ахметжанов 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Дархан Ахметжанов қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігі және 351-бабының…

6 дней ago

«Қуандық қажы екен». Бишімбаев бес рет қажылыққа барған

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман әлеуметтік желіде көпшіліктің көкейінде жүрген маңызды сұрақтарға жауап…

6 дней ago

«Имам садақаға түскен ақшаға Lexus алған» дейді

ҚМДБ мәлімдеме жасады. Әлеуметтік желі қолданушысы Оразбек Садықов тараздық имамның садақаға түскен қаражатқа қымбат көлік сатып алғанын…

6 дней ago

Алматыдағы автобус апаты: Сотталушы соңғы сөзін айтты

Алматыда үш адамның өмірін қиған автобус апатына қатысты қылмыстық іс бойынша сот жарыссөзінде Д.Ахмеджанов соңғы…

6 дней ago