Жазушылар одағының төрағасы кім болуы керек?

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевқа
Ашық хат

Аса мәртебелі Қасым-Жомарт Кемелұлы!

Өзіңіздің бастамаңызбен біз Жаңа әрі Әділетті Қазақстанды құрудың даңғыл жолына түстік. Әділетті қоғам құрып жатырмыз, ал әділетті қоғам руханиятқа да, оның ішінде әдебиетке де арқа сүйейтіні жалған емес.

Әдебиетсіз қоғамның дамымайтыны бесенеден белгілі. Осы себепті Қазақстан Жазушылар одағының келешегі алты алашты алаңдатып отыр. Өйткені, «Әдебиет – ұлттың жаны» (Ж.Аймауытов).

Бәріміздің көкейімізде Жазушылар одағының ертеңгі өтетін құрылтайында «Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы кім болуы керек?» деген сауал тұр.

Біз бұл ұйымға жаман аты шықпаған, ар-ұятына кір жұқпаған, әрі талантты, әрі іскер азамат басшы болғанын қалаймыз. Әрине, мұндай жоғары талапқа сай келетін адамды табу оңай емес. Бірақ, біздің ойымызша, ондай қаламгер бар, ол – жазушы Нұржан Қуантайұлы.

Нұржан Қуантайұлы – ХХ ғасырдың 80-90-жылдары әдебиетке келген буынның талантты өкілі, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты. Талантымен ғана емес, іскерлік, ұйымдастырушылық қабілетімен де көзге түскен азамат. Бірнеше газетке бас редактор, ірі медиахолдингтің бас директоры, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы, факультеттің деканы қызметтерін абыроймен атқарған. Үлкен ұжымдарды басқарған тәжірибесі мол.

Жаңа әрі Әділетті Қазақстанды құру жолында Жазушылар Одағының бойына қан жүгіртетін үлкен реформалар керек. Ал, оны жүзеге асыру әдебиетті ардың ісі деп санайтын, үлкен-кішіге бірдей, орта буын өкіліне сеніп тапсырылуы қажет.

Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, біздің – жазушылардың пікірін қаперіңізге аларсыз деп сенеміз.

Құрметпен,

Тынымбай Нұрмағамбетов, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері,
Темірхан Медетбек, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың иегері,
Ғалым Жайлыбай, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың иегері,
Несіп Жүнісбайұлы, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,
Амангелді Кеңшілікұлы, сыншы, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты
Маралтай Райымбекұлы, ақын, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты,
Жарас Сәрсек, ақын, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты,
Мұрат Шаймаран, ақын, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты,
Әлібек Шегебай, ақын, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты,
Бекжан Әшірбаев, ақын, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты,
Бауыржан Әліқожа, ақын, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты.

Арман Ерғалиев

Recent Posts

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

10 часов ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

10 часов ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

10 часов ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

2 дня ago

Алматыдағы мәйітхана күзетшісінің сұмдық тірлігі

Ол қайтыс болған адаммен жыныстық қатынас жасады деген күдікке ілінді. Алматы қалалық Полиция департаменті аталған…

3 дня ago

Автобус жүргізушісін ұрғаны 3 адамның өліміне әкелген жігіт сотталды

Дархан Ахметжанов 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Дархан Ахметжанов қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігі және 351-бабының…

6 дней ago