Атақ және ақша

Мейрамбек Бесбаев жаңа радио ашып, тұсаукесер тойын өткізді

Әнші Мейрамбек Беспаев жаңа радио ашқанын сүйіншіледі. Ол әріптестерінің басын қосып, думандатып, тұсаукесер тойын өткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Бір ай бұрын әнші қазақ және орыс тілінде еркін сөйлейтін қыз-жігіттерді кастингке шақырып, радиожүргізушісі болғысы келетін талантты жастардың жолын ашамын деп уәде берген болатын.

Кастингке 400-ге жуық қыз бен жігіт жиналды. Кіл жүйріктен 18 адамды іріктеп алдық. Олардың арасынан да ең мықтыларын таңдадық,  

дейді әнші.

Ойға алған жобасы сәтті шығып, Алматының қақ ортасындағы мейрамханада радионың тұсауын кесті. Әншінің командасын құттықтап келген өнер жұлдыздары әннен шашу шашты. Радионың атын қою белгілі ақын Қалқаман Сариннің еншісіне бұйырыпты. 

Мейрамбектің бастамасының болашағы жарқын болсын! Жас келсе – іске деген сөзді дәлелдеген жігіт. Біз де қартайып тұрған жоқпыз. Қыздай болып сахнада әлі жүрміз, жүре де береміз. Түрімізге сенбеңдер, көңіл жас. Радиоңда ән салып жүре берейік,

деп құттықтады Мақпал Жүнісова.

Әншінің тілегінен кейін жанды дауыста Роза Рымбаева екеуі “Арыстың жағасында” әнін айтып берді. 

Тұсаукесер тойы Мейрамбек Беспаевтың 47 жасқа толған туған күн кешіне жалғасты.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago