Құжат 15 қарашаға дейін ашық талқылауға шығарылған.
Оқу-ағарту министрлігі мектеп формасына тағы да өзгеріс енгізбек.
Ведомствоның ұсынысы бойынша ұлдарға күнделікті жейде, түймелері бар немесе тоқылған күрте, кардиган, поло жейде және тенниска киюге болады. Ал қыста трикотаж жилет пен водолазкаға рұқсат етіледі. Қыздарға да осы талап қойылады. Алайда қыста оларға трикотаж жилет, водолазкадан бөлек, сарафан кию ұсынылады.
Бұл уақытқа дейін болған мерекеде ұлдардың күнделікті формаға қосымша ақ жейде, қыздардың ақ түсті блузка киюі туралы норма алынып тасталады. Сонымен қатар, мектеп формасының негізгі түсіне сәйкес келетін галстук тігу талабы да алынып тасталады,
деп көрсетілген бұйрықта.
Жаңа өзгеріске ата-аналардың өндірушіні таңдауда және мектеп формасын сатып алуда тәуелсіз екенін айқындайтын редакция енгізілген.
Бұйрыққа сәйкес, мектеп формасы туралы мәселелерді талқылауға балалардың ата-аналары және өзге де заңды өкілдері мен мектеп тарапынан жауапты тұлғалар қатысып, шешім қабылдайды.
Құжат 15 қарашаға дейін ашық талқылауға шығарылған.