Биыл 2165 орта білім беру ұйымдары кітапханашылары біліктілігін арттырады.
Қазақстанда мектеп кітапханашыларына мемлекеттік қолдауды күшейту мақсатында олардың «Педагог» лауазымына теңестіру мәселесі қаралады. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары – еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында айтылған.
Қазіргі таңда «Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын бекіту туралы» қаулысында «Педагог-кітапханашы» лауазымы қарастырылмаған. Сәйкесінше, мектеп кітапханашылары «Педагог мәртебесі туралы» заңда қарастырылған жеңілдіктер мен қолдауға ие емес.
Министрдің жауабында, сонымен қатар биыл Оқу-ағарту министрлігі 2165 орта білім беру ұйымы кітапханашыларының біліктілігін арттыру курстарын өткізуді жоспарлап отырғаны жазылған.
Еске салайық, мәжіліс депутаттары мектеп кітапханашыларының қызметін лицензиялап, оларға біліктілік санатын беруді ұсынған болатын. Депутаттардың дерегінше, Қазақстанда мәдениет саласына қарасты 4 мыңнан астам кітапханашылардың ғана айлығы артып, қалған 8 мың педагогикалық салаға жататан кітапхана қызметкерлері тыс қалып отыр.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…