Categories: Білім

Мектеп оқушылары зайырлылық және дінтану негіздерін оқитын болды

2023-2024 оқу жылдарында мектеп бағдарламасына жаңа пәндер енгізілмек. Осылайша оқушылар «Зайырлылық және дінтану негіздерін», «Француз тілі» мен «Неміс тілін» оқиды, деп хабарлайды Экспресс К

Оқу-ағарту министрлігі жаңа оқу жылында білім бағдарламасын жаңа пәндермен толықтырмақ. Бұл «Ашық НҚА» порталында жарияланған министрлік бұйрығының жобасынан белгілі болды. Жобада әр сыныпқа арналған жаңа пәндер бар.

Яғни 5, 6, 7 сыныптарға «Француз тілі» кітаптары қосылса, 6, 7, 8 сыныптарға «Неміс тілі» енгізіледі. Ал 9 сыныпқа «Зайырлылық және дінтану негіздері» пәні бойынша оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер әзірленген.

Сонымен қатар, жаңа оқу жылында көзі көрмейтін және көзі нашар көретін оқушылар үшін де арнайы оқу бағдарламасы енгізіледі. Мысалға, 4, 6 сыныптардағы көзі көрмейтін білім алушыларға Брайль қарпімен әзірленген оқулықтар әзірленсе, көзі нашар көретін білім алушылар үшін үлкейтілген қаріпті 10, 11 сыныптарға арналған оқулықтар болады.

Мектеп бағдарламасына 7, 8, 9, 10 сыныптарға арналған «Алгебра», «Геометрия», «Биология» қостілді оқулықтары да қосылады.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

2 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

2 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

2 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

2 дня ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

2 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

2 дня ago