Categories: Қоғам

Сұлулық салондардың ақ-қарасын қалай ажыратамыз

Ел Президентінің сайлауалды бағдарламасында азаматтардың сапалы медициналық қызметтерге қолжетімділігін кеңейтуге, денсаулық сақтау жүйесін жаңғыртуға көп көңіл бөлінді. Сонымен бірге, статистика сапасыз медициналық дерматокосметологиялық қызметтер көрсету бойынша өтініштердің өсуін көрсетеді.

Тек 2022 жылдың өзінде Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетіне шағымдар саны үш есе өсті.

Дерматокосметология – бұл медициналық қызметтің лицензияланған түрі, бұл тек сертификатталған дәрігер-дерматокосметологтар көрсетуге құқылы медициналық қызмет. Әрине, тек барлық санитарлық нормалар мен ережелер сақталған медициналық клиникаларда немесе медициналық кабинеттерде білікті дәрігер-дерматокосметологтар қызмет көрсетеді.

Іс жүзінде медициналық косметологиялық қызметтердің басым көпшілігін лицензиясы жоқ медициналық емес қызметкерлермен әдеттегі сұлулық салондарында, күмәнді кабинеттерде, тіпті үйде жүргізілуде. Бұл жағдайда мезотерапия, плазмолифтинг, мезожіп сияқты арнайы процедуралар жүзеге асырылуда және тіпті пластикалық операциялар жасалуда. Медициналық білімі жоқ адам мұны қалай жасай алады?!

Олар қан тамырлары, жүйке жүйесі, бұлшықеттер, байламдар,  лимфа қай жерден өтетінін, қандай асқынулар болуы мүмкін екенін және тағы басқасын білмей, бет пен мойын тіндеріне қалай манипуляция өткізуге болады?

Мұндай псевдокосметологтардың қызметінің нәтижесі аллергиялық реакциялар, вирустық гепатиттер, инфекциялар, нервтердің парездері мен параличтері, қан тамырларының тромбоздары, тіндердің некрозы, флегмондар, абсцесс, птоз, бұлшықет спазмы, күйіктер, электр жарақаттары, эритемалар, пигментация, тіндердің тыртық өзгерістері, операциядан кейінгі әртүрлі асқынулар, тіпті өлім болуы мүмкін.

Мұндай жағдайларда медициналық және медициналық емес мекемелерде дәрігерлік дерматокосметология қызметтерін бірыңғай бақылауды қамтамасыз ету қажеттілігін қарастыру орынды.

Бұл мәселені бірер апта бұрын Парламент Мәжілісінің отырыстарының бірінде «AMANAT» партиясының мүшесі, VII шақырылымның депутаты Гүлдара Нұрымова қозғаған болатын.

Клиентті арбап, заңсыз жұмыс істеп жатқан сән салондардың қызметіне тоқтау салына ма?

«Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабында дәл осы мәселе анық көрсетілген:

Денсаулық сақтау саласындағы қызметтi лицензиялау. Мынадай қызмет түрлерiмен айналысу үшiн лицензияның болуы талап етiледi: 18) дерматокосметология,

делінген аталмыш бапта.

Бұл мәселе қоғамда қарапайым мәселе болып көрінуі мүмкін. Бірақ адам денсаулығына тікелей қатысы бар сала болған соң бақылауды ерекше қажет етеді.

Біз осы орайда жарнамалар көп жарияланатын сайттардың бірінен хабарлама бойынша қоңырау шалып көрдік. Жарнамасы қыз-келіншектің көзін қыздырып-ақ тұр. Түрің құлпырып, әлемдегі ең сұлу қызға айналдырамын-ақ деп тұр.

Ерінді үлкейтуге қатысты қазір жеңілдіктер жүріп жатыр. 0,5 мл – 15,900 теңге, ал 1 мл – 30 000 тг. Ботокс 10 мың теңгеден басталады. Бетті тазалау 6 мың теңге тұрады. Жеке пәтерімде де қабылдай аламын. Тезірек үлгеріп жазылып қалыңыз. Хабарласып жатқандар аз емес. Ертең кезек күтіп тұрып қаласыз,

деп асықтырды косметолог.

Міне проблеманың түп төркіні де осында жатқандай. Жеке пәтерде қабылдау өзін косметологпын деп жүрген маманның біліктілігіне үлкен күмән келтірсе, сұлулығымды арттырамын деп барған адамның денсаулығына зиян тигізіп жатады.

Осы мәселеге тап болған қыздарға кішкене болса да пайдасын тигізуге асыққан жандар жоқ емес. Инстаграм желісінде @pravdaokosmetologah_kz парақшасында елімізді қаптаған косметологтадың ақ-қарасын ажыратуға болады. Парақша жабық. Алайда тіркелген соң, ол арқылы сіз таңдаған салонның қаншалықты заңды жұмыс жасап жүргенін тексеріп алуға болады. Сондай-ақ әр бір жазылымның соңында жазылған пікірлерден де сұлулық саласының мамандарының шынайы бетпердесін ашып алуға болады. Мемлекет өз бақылауына алғанға дейін осындай жанашырлардың көмегіне жүгінуден басқа амал жоқ. Блогерлер жарнамалап жүрген сән орталықтарын да тексеріп жатқан ешкім жоқ.

Жуырда Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова осы мәселеге қатысты жауап берген болатын.

Биылдан бастап заңнамаға лицензиядан кейінгі бақылауды жүргізуге мүмкіндік беретін норма енгізілді. Яғни, бұл лицензияланатын қызмет түріне жатады. Ал оны алу қалайда міндетті болады. Енді тиісінше жоспардан тыс тексеріс жүргізіледі,

деді вице-министр.

Тексеріс жүргізілгені жақсы ғой. Бірақ бұл мәселе бүгін-ертең шешіле қояр ма?! Себебі «дипломы» бар косметологсымақтар өріп жүр. Жарнаманың жетегіне елітіп, лицензиясыз жұмыс істейтін салондардың қызметіне жүгініп, соңында опық жейтін қыз-келіншектер аз емес. Ал оған соңында кім жауапты? Хабарсыз халық па, әлде бақылауға алмаған мемлекет пе?

Сая Манарбековна

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

2 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

2 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

2 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

2 дня ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

2 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

3 дня ago