Денсаулық

Мектептегі түскі астан 33 оқушы уланды

Жамбыл облысында Сарыкемер ауылындағы Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясында түскі астан соң 33 оқушысы мен екі мұғалімі уланып, ауруханаға түсті.

Облыс әкімдігінің мәліметінше, 7 қараша күні түс ауа Байзақ ауданының орталық ауруханасына алдымен бір мектеп оқушысы жүгінген. Ал сағат 23.00-де ауруханаға 46 адам түскен. Оның ішінде екі мұғалім мен 44 бала. 35 адам емдеуге жатқызылды.

Науқастардың жағдайы орташа тұрақты деп бағалануда.

Біз жалпы тәжірибелік дәрігерлерден, педиатрдан және учаскелік медбикеден тұратын 16 мобильді топ ұйымдастырып, бір күн бұрын мектеп асханасына барған оқушылардың үйлеріне аралау жүргіздік. Балалардың жағдайы қанағаттанарлық деп бағаландвы. Олардың шағымдары мен ауру белгілері болған жоқ,

деп хабарлады облыс әкімдігі.

Гимназия асханасында тамаққа жауапты жеке кәсіпкер Тоқсейітовтің қызметі мән-жай анықталғанша тоқтатылды. Мектеп қоршалып, мамандар бактериологиялық зерттеу жүргізіп жатыр.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

17 часов ago

Шымкентте мектеп директоры 48 млн теңге жымқырды

Шымкентте 48 млн теңге жымқырды деген айып тағылған №44 орта мектеп директоры және оның орынбасары,…

18 часов ago

Студенттердің тамақтануы: фастфуд басым болып келе ме?

«Денсаулық» Ұлттық қауымдастығы» ЗТБ және Алматы Менеджмент Университеті (AlmaU) Алматының студент жастарының салауатты өмір салтына…

1 день ago

Ақтауда мектеп күзетшісі оқушы қызды зорламақ болды

Оқиға 11-шағын ауданда орналасқан №10 мектепте жексенбі күні болған, деп хабарлады sadaqmedia.kz. Білім беру ұйымының…

2 дня ago

Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын…

2 дня ago

СҚО-да аудан әкімінің орынбасары парамен ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті облыс аудандарының бірінің әкім орынбасары мен…

2 дня ago