Фото: ашық дереккөзден
Атырау облысында 81 мұғалімнің жалған дипломды пайдаланғаны анықталды. Оның 51-і мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде, ал 30-ы орта мектепте жұмыс істеген, хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Білім саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу кезінде көптеген кемшілік анықталып отыр. Мәселен, мектептерде «өлі жандар» бар. Қызметкерлер мен оқушылар саны бірдей мектептер әртүрлі қаржыландырылған. Бір қызметкер бір мезгілде 4-5 мекемеде жұмыс істеген. Кейбір білім беру мекемелерінде басшылар өздеріне лауазымдық жалақысына үстемеақы аударып отырған. Мониторинг нәтижесінде мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде 51, орта мектептерде 30 қызметкердің жалған дипломды пайдаланғаны анықталды,
деп хабарлады Жәнібек Қаражанов.
Оның айтуынша, жоғарыдағы деректерді жою үшін облыстық Білім басқармасына 26 ұсыныс жолданған.
Қызметкерлердің контингенті бойынша деректерді автоматты түрде салыстыру үшін интеграцияны қамтамасыз ету қажет. Жергілікті атқарушы орган деңгейінде бюджеттік өтінімдерді қалыптастыру, бекіту процестерін автоматтандырған жөн. Білім беру мекемелеріне кіру, шығу уақытын форматты-логистикалық бақылауды белгілеу мүмкіндігімен қызметкерлерінің қатысуын бақылау секілді ұсыныстар бар,
деп мәлім етті Жәнібек Қаражанов.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…