Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Атақ және ақша > «Меломен» тобы әншісінің әйелі зорлық-зомбылыққа шыдамай ажырасып кеткенін айтты
Атақ және ақша

«Меломен» тобы әншісінің әйелі зорлық-зомбылыққа шыдамай ажырасып кеткенін айтты

Анара Бауыржанқызы
Анара Бауыржанқызы 27.10.2023
Обновлено 27.10.2023 в 10:10
Поделиться
Поделиться

«Меломен» тобының әншісі Ғабит Бибасыұлының жұбайы көпшілікке жан сырын ақтарды. Нұрила Ақберген Instagram парақшасында әншімен ажырасып кеткеніне бір жылдай уақыт өткенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

«Біріңіз білсеңіз, біріңіз білмессіз. Дегенмен, сіздерге бөлісетін маңызды әңгімем бар. Мен ажырасқандар санын біреуге көбейттім. Тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген әйелдің санын біреуге азайттым.

Иә, мойындаймын. Мен сіздер сияқты әлсіз әйелмін. Әлеуметтік желіге жақсы сәттерді ғана бөлістім. Ол сәттер шынайы болды. Дегенмен, оның артында не болғанын, не сезініп жатқанымды бөлісе алмадым. Ұялдым. Күмәндандым. Тым мінсіз болуға тырыстым. Отбасы бақытын әйел сақтайды деп ойладым. Барлық әйелдер секілді «бәрі ретіне келеді», «есі кіреді», «уәдесін орындайды», «бәрі жақсы болады» деумен келдім», — деп жазды әншінің бұрынғы әйелі.

Сонымен қатар ол күйеуі екеуінің ажырасқанына бір жылдай уақыт болғанын да жеткізді.

«Осыдан үш жыл бұрын қоғам ілген түсініктерден арыла бастадым. Өзіңді саналы түрде жақсы көруді ұғындым. Жаның, психикаң, санаң, тәнің зардап шегетін өмірді емес, сау әрі бақытты болатын ғұмырды таңдадым. Мен өзімді таңдадым. Сондай-ақ оны кінәламаймын. Мен оның көзқарасын өзгерте алмаймын және бұл қалыпты. Ол жақсы күйеу бола алмаған шығар. Бірақ, ол — жақсы әке. Мен бұл тәжірибеге алғыс айтамын.

Бәрі маған мұның қалыпты екенін және «Ер адамды тәрбиелеп алуым керектігін» айтты.

«Ойыңды айтпа», «Сөйлеме», «Еркек түзде жүреді, қыдырады, ойнас жасайды», «Еркектің бәрі сондай», «Ұрса да көнесің», «Балаларың бар. Балаларға обал»… Ең өкініштісі, бұл сөзді әйелдердің айтқаны… Зәбір көрушіні кінәлау — ессіздік.

Бұны бөлісу маған оңай болмады. Мен оңым мен солымды өлшедім. Ашылып айтпайынша, жарам жеңілдемейтінін түсіндім. Небір қауесет естідім. Табалағандар да бар.

Білемін, мен сияқты әйел көп… Бұл шешімге келіп, балалармен кеткеніме 1 жылдай уақыт болды. Әкесі балаларға қолдан келгенше көмектесіп жатыр. Мен балаларды әкесінен бөлмеймін. Оны балалардың әкесі ретінде сыйлаймын. Сол сыйға лайық болып, қалса екен деймін», — деді Нұрила Ақберген.

Бұдан кейін Желі қолданушылары Ғабит Бибасыұлының Instagram парақшасына шабуылдап, үш баласы мен әйелінен ажырасып кеткенін айыптай бастаған. Бұған әнші «Тағдырға бойұсынады екенсің ғой», — деп жауап қайтарды.

Байқағанымыздай, ажырасқан соң Нұрила Ақберген орамалын шешіп, ұзын шашын көрсете бастаған.

Анара Бауыржанқызы 27.10.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

СпортАтақ және ақша

Қазақстан азаматтығын алған шетелдік 126 спортшының 79-ы өз еліне кетіп қалған

30.05.2024
Атақ және ақшаӘдебиетРуханият

Қазақ қызы секс туралы роман жазып дауға қалды

29.05.2024
Атақ және ақша

«Өгей шеше өз анаңдай болмайды»: Абай Бегейдің үлкен қызы жазба жариялады

21.05.2024
Атақ және ақша

Танымал продюсердің үстінен қылмыстық іс қозғалды

17.04.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?