Ел бюджетінің жартысынан көбін тұрғындардың салық аударымдары құрайды.
Zertteu Research Institute қоғамдық қорының сарапшылары Қазақстан 2021 жылы неден табыс тапқанын айтып берді. 2021 жылы республикалық бюджет 12,4 трлн теңгені құрады. Оның жартысынан көбі қазақстандықтар төлеген салықтардан тұрады. Дәлірек айтсақ, 56% немесе 6,9 трлн теңге — бұл салық түсімдері. Ұлттық қордан трансферттер 4,5 трлн немесе 42% құрады.
Ұлттық қорға мұнай секторы ұйымдарынан салықтар түседі
Қалғаны, бұл 2%-дан сәл артық салықтық емес түсімдер мен негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер.
Шығыстарға келетін болсақ, үкімет әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамсыздандыруға төрт трлн теңге бөлді. Денсаулық сақтауға тағы 1,8 трлн жұмсалды, білім беру саласына біршама аз бөлінді — 1,4 трлн.
