Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кейінгі күндері бірқатар журналистке жасалған қастандық шабуылдарын жіті тексеруді талап етті.
Оның тапсырмасы туралы Құқық қорғау органдарына мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Руслан Желдібай хабарлады.
Мақсаты қоғамдық қауіпсіздік пен мемлекеттің беделіне нұқсан келтіру болып саналатын осы заңсыз әрекеттердің орындаушылары ғана емес, тапсырыс берушілері де анықталуға тиіс,
делінген президенттің мәлімдемесінде.
Айта кетейік, кейінгі күндері журналистерге жиі шабуыл жасалып жүр. 14 қаңтарда Алматыда белгісіз біреулер журналист Динара Егеубаеваның көлігіне от қойған, 18 қаңтарда Ulys Media сайтының бас редакторы Самал Ибраева кибершабуылға ұшырады, 19 қаңтарда белгісіз біреулер Вадим Борейконың пәтерінің есігін бүлдірген.
Тағы да оқыңыз: «Көлігін өртеу, жеке дерегін жариялау»: Журналистерге кім қастандық жасап жүр?