Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Басты жаңалықтар > Мемлекет кінәлі: Суға батып кеткен Мәдинаны аман алып қалуға болар еді
Басты жаңалықтарҚоғамОқиға

Мемлекет кінәлі: Суға батып кеткен Мәдинаны аман алып қалуға болар еді

Сая Манарбековна
Сая Манарбековна 24.08.2022
Обновлено 24.08.2022 в 12:08
Поделиться
Фото: әлеуметтік желіден алынған
Поделиться

Қайтыс болған Мәдина Ерланқызының анасы жарты жыл бойы қызын түзету орталығына бере алмай әуре болыпты. Бұл уақытта бала үй жағдайында оқып келген. Орталықтар арасындағы тендер ертерек ойнатылғанда, бала жоғалмас та еді. Білікті мамандардың бақылауында болар еді. «Autism Kazakhstan»  ұлттық ассоциациясының төрағасы Нұрия Балтабайқызы уақытылы көмек көрсетпеген мемлекетке кінә артып отыр. Бұл туралы Наш Костанай порталы жазды.

Кішкентай бүлдіршіннің оқиғасына тоқталып өтейік. 7-тамыз күні бес жасар Мәдина Ерланқызы таңғы 5-те далаға шығып кеткен. Ол Қостанай облысынан 14 шақырым жердегі Жамбыл ауылында 13 және 18 жастағы әпкелерінің қарауында болған. Әпкелері таңертең оянғанда Мадинаны үйден таппай қалыпты. Сол сәтте кішкентай қыздың үйден шыққанын көрген көршісі ағаштан түсуіне көмектесіпті. Баланы үйіне кіргізбек болып есікті қағып тұрғанда, ол көшеге жүгіріп кеткен екен.

Мәдинаға аутизм диагнозы қойылған: сөйлей алмаған, тоңғанын және ашыққанын сезбенбейтін еді.

Мадинаны іздеуге 500-ден астам полицей, төтенше жағдай қызметі, шекарашылар, ұлттық гвардия әскері және жан-жақтан жиналған еріктілер жұмылдырылды. Интернетте кішкентай қыздың жүгіріп бара жатқан видеосы да тарады. Полицейлер мен еріктілер 33 гектар жүрегі алқабы мен 10 гектар болатын картоп алқабын да қарап шықты. Шырын мен тәттілерге әуе шарын байлап қалдырып кеткен де. Бүкіл Қазақстан бес жасар қыздың аман табылатынына сенді. Төрт күн бойы бақылап отырды. Алайда, жүздеген адам кішкентай қызды даладан сабылып іздеп жүргенде, ол өзі тұрған Жамбыл ауылы маңындағы жасанды көлшікке батып кетіпті.

Мадинаның оқиғасы аутизмге шалдыққан балалардың жағдайына тағы да қоғам назарын аударды. Жұртышылық бұл дертпен ауыратын балаларға ерекше күтім керек екендігін алға тартып, көзден таса қылмау керек дей бастады. Расымен, бұл оқиғаның алдын алуға болатын ба еді…

«Autism Kazakhstan» ұлттық ассоциациясының төрағасы Нұрия Балтабайқызы осылай дейді. Ол қыздың анасына көңіл айтып, мемлекеттік мекемелердің немқұрайлы іс-әрекетіне іші ашып отыр.

Бұл біздің қоғам мен мемлекеттің кінәсі. Уақытылы көмек көрсетпей, мемлекет қайда қарап отыр? Қыздың анасының бармаған жері жоқ. Бірақ көмекке зәру күйінше қызынан айырылды. Олар түзету орталығына кезегін жарты жыл бойы күтіп жүрді. Амалы болмағандықтан, үй жағдайында оқытты. Ол өте белсенді, енді-енді сөйлеп келе жатқан бала еді. Суретті жақсы салатын. Дер кезінде көмек алмаған баланың түбіне мемлекет жетті

Белгілі болғандай, Мәдина стационар қызметіне кезекте алтыншы болып тұрған екен. Ал түзету орталықтарының арасындағы тендер жарты жыл бойы ойнатылып келіпті. Осыншама уақыт балалар күтумен болған. Ал кішкентай Мәдина жетпеген күйі жетпей кетті..

Егер мемлекеттік сатып алулар кішкене ертерек ұйымдастырылса, мысалы қаңтар-ақпан айларында, қайғылы оқиғаның алдын алуға болар еді деген пікірде қоғам белсенділері. Аутизмге шалдыққан балалардың саны тым артып келеді. Яғни, аталмыш оқиғалар әлі жалғасын табады деген сөз.

Біздің оңалту орталықтарына мамандар жетіспейді. Сабақтар 20 минуттан аспайды. Ата-аналар құжат жинаумен әуре. Соңында алатындары тек массаж және электрофорез. Бұндай емнің пайдасы шамалы. Егер орталықтар мемлекеттен көмек алатын болса, ем шараларын тиісінше ұйымдастырсын,

дейді «Stop Autism» ҚБ төрағасы Шынар Жалмұхамедова

Жалпы, қоғам аутист балаларды қабылдауға дайын ба? Осы жылдар ішінде  коронавирус індеті туралы ақпарат таратуға мемлекет қанша ақша шашты екен? Ойланып көріңіздерші. Миллион емес, миллиардтап шығын шыққаны анық. Ал қоғам әлі де аутизмнің не екенін және оған шалдыққан балалардың ерекшеліктерін ескере бермейді. Ондай балаларға қандай көмек көрсетуді, не істеу керектігін білмейді. Мәдинаның өлімі осыны көрсетті.

Мамандар аутизмді ауру деп қабылдамауға кеңес берді. Аутизм – баланың жағдайы, оның дамуының бұзылуы. Оны түзетуге болады. Оның емі күнделікті жұмыста. Баланы сол күйі қабылдау керек. Қоғаммен байланыс орнатуына көмектесу керек. АВА терапиясы, сенсорика, спорт, күнделікті тұрмыстық әрекеттерді үйрету керек. Қоғаммен байланыс қазір ақсап тұр. Сондықтан бұл мәселені жиі айтып, көрсету арқылы жұртшылықты ақпараттандыру қажет.

Мәдинаның жағдайы мемлекет үшін үлкен сабақ болғаны рас. Бұндай сабақ қоғамға да, мемлекетке де қажет емес. Өкініштісі, біздің елде барлық мәселе осылай ғана шешіледі. Алдымен бармағымызды шайнаймыз. Кейін ғана қозғаламыз.

Сая Манарбековна 24.08.2022
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
МаңыздыҚоғам

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

04.09.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?