Қостанайда «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасымен салынған үйлердің ішін мұз басып қалған.
Жергілікті тұрғындар Қонай ықшамауданындағы әлі тапсырылмаған пәтерлердегі мұз басқан суреттер мен видеоларды әлеуметтік желі арқылы таратты.
Барлығы 19 үй бой көтерген. Оның 3-еуінде ғана адамдар тұрып жатыр. Бұл Қонай ыұшамауданындағы №1, 2 және 3 үйлердің салынып біткенін көптен күтіп жүрген «Отбасы банкі» салымшыларының жанайқайы. Пәтерлердің жағдайы жаман. Пәтерлер 2021 жылы пайдалануға берілуі керек еді. Бірақ халық әлі кілтке қолы жете алмай отыр. Сапасы мынау.





Қостанай қалалық құрылыс бөліміндегілер «барлық олқылық 13 желтоқсанға дейін жойылады» деп сендірген. Әкімдіктегілердің айтуынша, құрылысқа жауапты болған компаниямен келісім-шарт бұзылыпты. Себебі үй құрылысы кезінде олар бірқатар қателік жіберген.
Сондай-ақ әкімдік мемлекеттік сатып алу бойынша жаңа конкурс жарияланғанын жеткізді. Конкурста жеңіске жеткен мердігер тұрғындар қоныстанғанға дейін барлық ақауларды жоюы тиіс.