Экономика

Мемлекеттік бюджет шығыны табыстан 4% асып кетті

Табыс 20%, шығын 24% артты.

Былтыр қаңтар–қарашада мемлекеттік бюджет табысы бір жылда 20,4% көбейіп 22,2 трлн теңге болды.

Бұл ретте мемлекеттік бюджет шығыны былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 24,4% артып, 23,1 трлн теңгеге жетті.

Шығын мен табыс арасындағы айырмашылық 899,2 млрд теңге, шығынның табысқа қатынасы 104,1%. Салыстыру үшін: былтыр бұл көрсеткіш 100,7% болған.

2023 жылғы қаңтар–қарашада мемлекеттік бюджет шығынының ең үлкен үлесі (22%) білім беру саласына тиді: 5,1 трлн теңге, жылдық өсім 27,4%.

Одан кейін әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамсыздандыру (4,8 млрд теңге, 17,4% көбейген), денсаулық сақтау (2,1 млрд теңге, 10,4% көбейген), тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық (1,5 млрд теңге, 44,9% көбейген), көлік және коммуникация (1,4 млрд теңге, 29,3% көбейген).

Бір жыл бұрынғы 1,3 трлн теңгемен салыстырғанда қарызға қызмет көрсетуге жұмсалған шығын 1,8 трлн теңгені құрады. Жылдық өсім 40,8%.

Өз кезегінде, табыстың басым бөлігі дәстүрлі түрде мемлекеттік бюджетке салық түсімдері есебінен түсті — 74,8% немесе 2023 жылдың он бір айында 16,6 трлн теңге, бұл бір жыл бұрынғыдан 22,9% артық. Оның ішінде қосылған құн салығы — 5,3 трлн теңге, корпоративтік табыс салығы — 3,9 трлн теңге, жеке табыс салығы — 1,8 трлн теңге, әлеуметтік салық — 1,2 трлн теңге, акциздер — 764,4 млрд теңге болды.

Салықтық емес түсімдер бір жылда 2,6 есе өсіп, 1,5 трлн теңгеге жетті. Негізгі капиталды сатудан түскен табыс 28,1% азайып, 147,3 млрд теңге болды.

Бұл ретте трансферттердің түсімдері 3,9 трлн теңгені құрады, бұл бір жыл бұрынғыдан 5% аз.

Сайт Әкімшілігі

Recent Posts

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

1 месяц ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

3 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

7 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

1 год ago