Саясат

Тина Канделаки Қазақстанға кіре алмайды – СІМ

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров ресейлік тележурналист Тина Канделакидің Қазақстанда орыс тілінің қолданыс аясы тарылып бар жатқаны туралы мәлімдемесіне пікір білдірді.

Көрші елдегі азаматтар, өз достарымыздың біздің ел туралы бейхабар екені адамды кішкене өкпелетеді. Өйткені олардың біз туралы ақпараты дұрыс емес. Біздің елге келіп қалай өмір сүріп жатқанымызды өз көзімен көрсін. Ойдан шығарып жаза бергенше, әлеуметтік желіде қырылысқанша одан да өзіміздің жұмысымызды одан әрі қарай жалғастырайық, 

деді СІМ ресми өкілі.

Дегенмен, А.Смадияров аталмыш журналистің Қазақстанға кіре алмайтынын айтты.

Тізім деп сіздер қайта-қайта сұрай бересіздер. Нақты бір, екі, үш деген тізім жоқ. Ол — жалпы әр мемлекеттің өзінің ішкі шарасы. Сізге біреу ұнамаса, үйіңізге кіргізбейсіз ғой. Тура сол сияқты біз де кіргізбейміз. Керек кезде шара қабылданады. Оны нақты „бүгін кіргіздіңіздер ме, ертең кіргізесіздер ме“ деп талап етпеңіздер. Мемлекет ондайды ешқашан кешірмейді. Ол Қазақстанға келе қоймас, келген жағдайда кірмейді, 

деді Айбек Смадияров.

Бұған дейін ресейлік тележурналист Тина Канделаки әлеуметтік желідегі парақшасында Қазақстанда бірнеше теміржол стансасының атауы өзгеруін орыс тілінің аясын тарылту деп пікір білдірген болатын. 

Сайт Әкімшілігі

Recent Posts

Ақтауда мектеп күзетшісі оқушы қызды зорламақ болды

Оқиға 11-шағын ауданда орналасқан №10 мектепте жексенбі күні болған, деп хабарлады sadaqmedia.kz. Білім беру ұйымының…

2 часа ago

Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын…

2 часа ago

СҚО-да аудан әкімінің орынбасары парамен ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті облыс аудандарының бірінің әкім орынбасары мен…

2 часа ago

Халықты оңтүстіктен солтүстікке қоныстандыруға бөлінген ақша ұрланды

Павлодар облысының прокуратурасы «Қуатты өңірлер - ел дамуының драйвері» Ұлттық жобасын іске асыру аясында (азаматтарды оңтүстік аймақтардан…

1 день ago

Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады

Президентке Мәдениет және ақпарат министрлігінің атқарған жұмыстарының нәтижесі, сондай-ақ ведомствоның алдағы қызметі барысында қолданылатын перспективті…

2 дня ago

Қазақстанның Украинадағы елшілігі Нұрбай атаны құттықтады

Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери атташе кеңсесі офицерлерінің қатысуымен Ұлы Отан…

5 дней ago