Шетел басылымына шолу

«Мені үйге қайтарыңыздар»: ХАМАС кепілге алған израильдік қыздың бейнежазбасы тарады

ХАМАС тобы израильдік 21 жастағы Миа Шемді кепілге алған.

Израиль мен Франция азаматтығы бар қыздың көмек сұраған бейнежазбасы тарады.

Ол электронды музыка фестивалінде ұсталып қалған, деп жазады Smartnews.kz.

Қыздың қолы жараланған. Газа секторындағы ауруханада оған үш сағаттық ота жасалды.

Мені баптап жатыр, дәрі-дәрмек қабылдаудамын, бәрі жақсы, мен үйге мүмкіндігінше тезірек қайтарыңыздар, ата-анам мен бауырларыма жеткізуді сұраймын. Бізді мүмкіндігінше тезірек алып кетіңіздерші,

дейді қыз.

Израиль қорғаныс армиясы өткен аптада Шемнің ұрланғаны туралы хабарлап, қазір олармен байланыста екенін айтты.

Израиль билігі Газада 199 адам кепілде деп ойлады, ал ХАМАС-тың ресми өкілі Әбу-Убейда 200-ден 250-ге дейін израильдіктерді ұстап отырғандарын мәлімдеді, олардың жартысының қос азаматтығы бар.

Әбу-Убейда Газа секторындағы израильдік әуе шабуылдарынан кепілге алынған 22 адам қаза тапты деп қосты.

Сонымен қатар ХАМАС-тың саяси бюросының төрағасы Халед Машал кепілдегі тұтқындарды Израильдегі палестиналықтарға айырбастайтынын айтты. Оның айтуынша, Израильде 6000 тұтқын бар.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

1 месяц ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

5 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

11 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

11 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

11 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago