«Менің отбасым үйінді астында қалды»: белгілі түрік актері көпшіліктен көмек сұрады

«Шексіз сезім» (Kara sevda) сериалының жұлдызы, актер Угур Аслан әлеуметтік желідегі парақшасында Хатайдағы отбасының жартысы үйінді астында қалғанын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Кахраманмараштың Пазарджик аймағында болған күші 7,7 балдық жер сілкінісі көптеген өлімге әкелді.

Көптеген қаза тапқандар мен жараланғандар болған 10 провинцияда іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.

Бәріне сәлем! Басымыздан қиын шақтарды өткізіп жатырмыз. Хатайдағы оқиғаға байланысты көп сұрақ бар. Менің отбасым, әсіресе ағам мен жеңгем, олардың балалары үйінді астында. Біз оларды жоғалттық деп ойлаймыз. Өкінішке қарай, оларға кедергі келтіруі мүмкін кез келген процесс нәтиже бермеді. Тым болмаса қалғандарын құтқарса екен деп тілеймін. Кейбіреулердің отбасын өз күшімен құтқаруға тырысып жатқанын естідім. Жағдай қиын. Бізге жәрдемдесе алатын ағаларымызбен, достарымызбен байланыс құрдық. Хатайда көмекке зәру адамдар көп. Өтінемін, қолдау көрсетіңіздер, басқа айтарым жоқ. Өте қиын кезеңді басымыздан өткеріп жатырмыз. Бұл – бәріміздің басымызға түскен сынақ. Бұл сынақтан аман-есен өтеміз деген үміттемін,

деді «Үкім» (Yargı) сериалында басты рөлді сомдаған Угур Аслан әлеуметтік желідегі парақшасында.

Бұған дейін Түркияда амплитудасы 7-ден асатын жер сілкіністері болды. Қазіргі уақытта қаза тапқандар саны 4 мыңнан асты, 20 мыңнан астам адам жарақат алған.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago